Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр мектеп оқушыларына амандасу мәдениетін үйретіп, оны күнделікті мектеп өмірінің бір бөлігіне айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Депутаттың айтуынша, мәдениет тек концерт, театр немесе музеймен шектелмейді. Ол адамның күнделікті мінез-құлқынан, әдептілігінен, айналасындағы адамдарға қарым-қатынасынан және қоғамдық этика нормаларын сақтауынан көрінеді.
"Қазақы амандасудың басты ерекшелігі - ұстамдылық. Амандасу - осы мәдени кодтың ең қарапайым, бірақ мағынасы терең элементтерінің бірі", – деді Ерлан Сайыр.
Ол оқушыларға дұрыс амандасуды, үлкенге құрмет көрсетуді және қоғамдық ортадағы әдеп нормаларын мектеп кезінен қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.