Алматыда жаяу жүргіншілер жолындағы ескі плиталардың орнына жаңасы төселіп жатқаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түст, деп хабарлайды Malim.kz.
Тәуелсіз журналист Асхат Ниязов Абай көшесінің бойында бұрынғы плиталардың үстінен жаңа жабын төселіп жатқанын видеоға түсірген. Ол ескі плиталардың жағдайы әлі де жақсы екенін айтып, оларды не себепті ауыстырып жатқанын сұрады.
Желі қолданушыларының бір бөлігі де бұл жұмыстардың қажеттілігіне күмән келтіріп, Алматы әкімдігінен түсініктеме беруді сұрады.
Ал пікір білдірушілердің тағы бір бөлігі қаладағы басқа мәселелерге назар аударған. Олардың сөзінше, Наурызбай және Алатау аудандарының кейбір аумақтарында әлі күнге дейін асфальт жол жоқ.