freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Инвестициялық жобалар және жұмыс орындары

MALIMet
Инвестициялық жобалар және жұмыс орындары

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың XV отырысы өтті. Жалпы құны 210,3 млрд теңге болатын 12 инвестициялық жоба қаралды. Оларды жүзеге асыру шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Malim.kz

Жобалардың қатарында құрылыс материалдарының индустриялық паркі, ауыз су мен сусындар, кондитерлік және санитарлық-гигиеналық өнімдер, сондай-ақ цифрлық және интерактивті жабдықтар өндірісі бар.

Әлеуметтік жобалар жеке қаралды. Атап айтқанда, 5 мың орындық KAZNU GRAD студенттік кампусы, 200 орындық смарт-аурухана және 600 оқушыға арналған мектеп жобалары талқыланды.

Туризм саласында қонақ үй инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Оның ішінде Tempo by Hilton қонақ үйі, тау бөктеріндегі қонақ үй кешені және экотуризмге арналған демалыс аймағы бар.

Жиын соңында Дархан Сатыбалды тиісті басқармаларға инвесторлардың мәселесін шешуді тапсырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу