freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Керемет көрініс": Сәкен Майғазиев немере бағып жүр

Шоу-бизнес
"Керемет көрініс": Сәкен Майғазиев немере бағып жүр
Фото-коллаж: Malim.kz / скриншот

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында немересімен түскен әсерлі сәтін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz 

Өнер иесі қазір бар уақытын немересіне арнап жүргенін айтып, сәбиін қолына ұстап түскен видеосын жариялаған.

"Қазір жұмыс осы, немере бағу. Құдайға шексіз шүкір. Алла тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Сіздерге де немере жұғысты болсын", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Желі қолданушылары атаның немересіне деген ықыласына сүйсініп, "Керемет көрініс", "Ата болу жарасады", "Немеренің қызығын көріңіз" деген жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева алғаш рет ата-әже атанғанын сүйіншілеген еді. Ұлы Әділет пен келіні Әдияның шаңырағында қыз бала дүниеге келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу