freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйіктісіне тосынсый жасаған студент қамалды

Қоғам
Сүйіктісіне тосынсый жасаған студент қамалды
Фото: видеодан скриншот\ЖИ арқылы өңделген

Астанада сүйіктісінің туған күнін ерекше атап өтпек болған студент 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп  Malim.kz тілшісі, Arasha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті қызбен бірге дәмханада романтикалық кеш өткізген. Кейін мерекені отшашумен аяқтауды ұйғарып, пиротехникалық бұйымдарды кафе маңында іске қосқан.

Полиция мәліметінше, жігіттің әрекеті пиротехникалық бұйымдарды пайдалану талаптарын бұзып, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық тудырған.

Оған елді мекен аумағында пиротехниканы белгіленген талаптарды бұза отырып қолданғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот студентті кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу