ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Malim Админ

  • 23.04.2024

ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі сақталып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда. Барлық кезек күттірмейтін шаралар қабылдануда, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

ТЖМ өкілі Атырау облысында Жылыой ауданының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору және судың бағытын бұру, Жайық өзені бойында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысында да су тасқыны жағдайы тұрақты болғанымен әлі де күрделі. Су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору жұмыстары, Есіл өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасуда.

Республика бойынша 26 785 адам өз үйлеріне оралды. 8 795 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, - деді Асқар Шәріп.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды