Ұшып кеткен шатыр немесе Сапарбаевқа сәлемдеме  

Редакциямызға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылынан Гүлмира Әлиасқарова есімді тұрғын хабарласып, «қорыққанды ғана сыйлайтын мына заманда шатырының ұшып кеткенін» айтып күйінді. Оқырман сөзін қаз-қалпында беруді жөн көрдік.

  • 30.11.2021

"Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесіндегі №187 үйдің тұрғынымын. Мектепте вахтермін. Жасым 55-те. Екі апта бұрын қатты жел тұрып,  үй шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті. Осы мәселе бойынша аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Әбіләшұлына арнайы қабылдауында болдым. Бастапқы кезде ардагерлер алқасын комиссия ретінде жіберді. Араларында аудан әкімінің орынбасары немесе басқа да жауапты тұлғалар жоқ. Ол кісілер не істей алады? Қастарына келсем мұрындары қызарып, өздері жаурап тұр. Бәрі зейнет жасындағы аталар ғой. Әкімге «ешкімнен қанағаттанарлық жауап болмады ғой?» дедім. Қазіргі сәтте үйіміз апатты жағдайда тұр. Бұл өзі ескі үй. Шатыры әлі жабылған жоқ. Ауыл әкімі «шатыр дайын болса, ауыстырып берейік» дейді. Оған менің мүмкіндігім жоқ қой. Айлығым 47 мың теңге. Жалғыз ұлым бар. Тұрып жатқан үйіміз сегіз отбасыға арналған. Арамызда пәтер жалдап тұратындар да бар. Жағдайымыз орташа. Енді 47 мың айлықпен ойлай беріңіз. Әйтеуір, тіршіліктің қамы деп жүрміз. Ескі болса да, екі бөлмелі жеке пәтерім ғой. Шатыры ашық қалған соң, үйді жылыту қиын екен. Екінші қабатта тұрсақ та, пеш жағамыз. Қазір енді төбеміз аңырап тұр. Отты аямай жағып жатырмыз. Ол да ақша. Қар жауып кетсе, жағдайымыз қиындайды.

Әркім қорыққанды сыйлайтын заман екен ғой.  Өткенде әлеуметтік желіге жан айқайымды шығарған соң, ауыл әкімі: «шатырын тапсаңыздар, өзіміз жауып берейік» деп шықты. Алдында «екінші қабаттың шатырына шығуға жұрт қорқады» деген. Шамалы жел тұрса болды шатырларымыз қаңғыр-қаңғыр етеді. Қатты жел тұрса, ұшып кетіп біреудің басына түсіп, жазымыш етуі де мүмкін. Бұл сөзімді тыңдап жатқан әкім жоқ. Бәрін жаңалап бер деп жатқан жоқпыз. Ұшқан жерін ғана жамап берсе болды.

Аудан әкімінен бірінші рет көмек сұраған едім, қолдамағанына қатты налыдым. Төтенше жағдайға қаржы бөлінді, бәрін қатырамыз деп жатады ғой. Сондай көмек бізге неге жетпей қалады? Енді кімнен көмек сұраймын?

Мектептің шатырын жұмысшылар мен жас мұғалімдер жауып шықты. Үстінде білім бөлімінің басшысының өзі қадағалап жүрді.

Сол дауылдан біреудің шатыры, есік алдындағы қақпасы т.б. ұшып кеткен. Ертесіне ауыл әкіміне хабарласып, мән жайдың барлығын да баяндадым. Тұрғын үйдің айналасына шашылған қоқыстарды да айттым. Есіктің алдын шашып тастамаймын ғой. Бәрін бір орынға жинап қойдық. Қанша күн күтіп жүрмін, соны алып кетуге көлік те жібермеді. Жиналған күйі жерде жатыр. Енді бұған не дейсіз? Тараз қаласындағы жұмыстарды көріп жатырмыз. Неге аудан орталығында сондай жұмыстар жүрмейді? Біреулер келіп есептеп жататын еді ғой. Бізде ондай ешнәрсе де жоқ.

Қазір қорыққанды сыйлайтын заман болды ғой. Әкімдерді әлеуметтік желі арқылы қалай қорқытса болады, а? Жыламаған балаға ештеңе бермейді екен. Керек болса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Машбекұлының алдына да барамын. Ұшатын шатырым ұшып кетті, жоғалтатын ештеңем жоқ".

Екі апта бұрын дауылдан Әулиеатадағы 100-ге жуық елді мекен жарықсыз қалып, 17 жастағы бозбала қаза тапқан еді.

Облыс орталығы мен аудандарда тас жолдар жабылып, электр желілері зақымдалып, ағаштар құлап, тұрғын үйлердің шатырлары ұшып қана қоймай, кейбірінің қоршаулары да бүлінген еді. Облыс орталығы Тараз қаласынан 200-дей шақырым қашықтықтағы Мойынқұм ауылында да қатты жел тұрып, үйлерді шатырларын ұшырып кеткен.

Қайрылда МАЖЫРАҰЛЫ

 

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

16.04.2024

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

10.04.2024

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

10.04.2024

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

01.04.2024

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022

Сапарбаев та кетті

07.04.2022
MalimBlocks
Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

Өңір басшысының хабарлауынша, облыстағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

Байқауға Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округіне қарасты 90-нан аса көше мен 3500-ден аса аула және 18 мыңнан аса тұрғын атсалысуда. 

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...

Сапарбаев та кетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.