Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

Өңір басшысының хабарлауынша, облыстағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Жамбыл облысындағы Жасөркен ауылында толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Өңір басшысының хабарлауынша, облыстағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ.

Құрметті облыс тұрғындары! Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Облыстың барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын. Сондай-ақ қазіргі уақытта ТЖД-мен бірлесіп Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс жүргізіп жатқанымызды хабарлаймын. Мұнда толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды. Оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеуде, қажетті техника жұмылдырылған, су сорылып жатыр.  Жағдай менің жеке бақылауымда», - деп жазды Ербол Қарашөкеев.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген