freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көп өтірік айтамыз": Роза Әлқожа елден жасырған үлкен құпиясын ашып айтты

Қоғам •
"Көп өтірік айтамыз": Роза Әлқожа елден жасырған үлкен құпиясын ашып айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі әдемі көріністің артында әрдайым мінсіз өмір тұрмайтынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, көпшілік танымал адамдардың отбасын, тұрмысын және материалдық жағдайын шынайы өмірден әлдеқайда жақсы деп қабылдайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші жұлдыздардың бәрі бірдей бай-бақуатты емес екенін, сондай-ақ сырт көзге үлгілі болып көрінетін отбасылардың да өз мәселесі болатынын жеткізді.

"Көп өтірік айтамыз. Керемет жанұя болып көрінеміз. Ұл-қыздарымызды керемет тәрбиелі, тамаша, өзіміз де керемет. Мұның бәрі өтірік. Шындығында, біз ондай емеспіз. Біз тек жылтыраған жағын саламыз. Әдемі көрінгіміз келеді. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді", – деді әнші.

Роза Әлқожаның айтуынша, өнер адамдарының өмірі әлеуметтік желіде көрсетілгендей мінсіз әрі алаңсыз емес. Ол кейбір өнер иелерінің несиеден несиеге өмір сүретінін де жасырмады.

Роза Әлқожа кім?

Роза Әлқожа – қазақ эстрадасының танымал әншісі, ақын әрі композитор. Ол 1981 жылғы 1 қазанда Өзбекстандағы Амангелді ауылында дүниеге келген.

Отбасының тұңғышы болған өнер иесі ата-әжесінің тәрбиесінде өскен. Бала кезінен музыкаға қызығып, домбыра үйірмесіне қатысқан және түрлі өнер байқауларында бақ сынаған.

Мектепті үздік аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен. Студенттік жылдары шығармашылыққа белсенді араласып, алғашқы әндерін жаза бастаған.

Университетті тәмамдаған соң біраз уақыт журналистика саласында еңбек етіп, кейін кәсіби әншілік жолды таңдады.

Роза Әлқожаның көпшілікке кеңінен танылуына «Орамалды» әні ықпал етті. 2008 жылы оның "Мен сыйға тартқан орамал" атты алғашқы альбомы жарық көрді.

Әншінің «Жылатқаның неткенің», «Қара күз», «Мына өмір ғажап қандай» секілді әндері тыңдарман арасында кеңінен танылған. Ол шығармашылығында ұлттық әуен мен заманауи музыкалық бағыттарды ұштастырып, өзіндік орындаушылық мәнер қалыптастырды.

Роза Әлқожа әншілікпен қатар өлең жазып, әндерге әуен шығаратын автор ретінде де танымал. Қазір ол шығармашылық қызметін жалғастырып, концерттер мен түрлі мәдени іс-шараларға қатысып жүр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу