5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде желдің екпіні 30 м/с-тан асуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қатты жаңбыр, таулы жерлерде қар аралас жауын-шашын болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі, деп Malim.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.
Астана: түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C. Бұлтты, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғып, екпіні 23–28 м/с-қа, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары жылдамдыққа жетеді.
Алматы: түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C. Түнде жаңбыр жауып, кей уақытта нөсерге ұласады. Күндіз де жаңбыр сақталады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Шымкент: түнде +7…+9°C, күндіз +14…+16°C. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Абай облысында түнде +7…+12°C, батысында +3°C шамасында, күндіз +11…+16°C, батысында +8°C болады. Түнде жаңбыр жауып, солтүстік пен орталықта жауын күшейеді. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C-қа дейін суытады. Күндіз 0…+5°C. Жаңбыр мен қар жауып, кей аудандарда қатты жауын-шашын болады. Жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні кей уақытта 30 м/с-тан асады.
Ақтөбе облысында түнде 0…+5°C, солтүстігі мен шығысында -3°C, күндіз +5…+10°C, оңтүстігінде +13°C-қа дейін жылынады. Жаңбыр мен қар жауады, солтүстік пен шығыста көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні кей аудандарда 23–28 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында түнде +8…+13°C, таулы аудандарда 0…+5°C, күндіз +10…+15°C, таулы жерлерде +3…+8°C. Жаңбыр жауады, оңтүстікте жауын күшейеді. Тауда жаңбыр қарға ұласып, кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында түнде 0…+5°C, күндіз +10…+15°C. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей аудандарда 15–20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде +2…+7°C, күндіз +10…+15°C. Солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Батыс және солтүстік аудандарда тұман күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысында түнде +5…+10°C, таулы аудандарда +2°C, күндіз +10…+15°C, тауда +7°C шамасында. Түнде жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Жетісу облысында түнде +10…+15°C, таулы аудандарда +5°C, күндіз +10…+15°C, тауда +5°C шамасында. Жаңбыр жауып, шығысында қатты жаңбыр болжанады. Таулы өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C-қа дейін суытады. Күндіз 0…+5°C, шығыс аудандарында +8°C шамасында. Батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с-тан асады.
Қостанай облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C, күндіз 0…+5°C, оңтүстігінде +8°C. Жаңбыр мен қар жауып, батыс, солтүстік және шығыста жауын-шашын күшейеді. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні кей уақытта 30 м/с-тан асады.
Қызылорда облысында түнде +3…+8°C, күндіз +10…+15°C, солтүстігінде +7°C шамасында. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Ақтауда түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C болжанған. Батыстан 5–10 м/с жел соғады.
Павлодар облысында түнде 0…+5°C, шығысында +8°C, күндіз +7…+12°C. Жаңбыр мен қар жауады, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C, күндіз 0…+5°C. Жаңбыр мен қар жауып, кей аудандарда қатты жауын-шашын болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с-тан асады.
Түркістан облысында түнде +5…+10°C, таулы аудандарда +2°C, күндіз +10…+15°C, тауда +7°C. Түнде жаңбыр жауып, оңтүстікте қатты жаңбыр болады. Таулы өңірлерде жаңбыр қарға ұласады. Солтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C, күндіз 0…+5°C, оңтүстігінде +8°C болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, жел екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында түнде +5…+10°C шамасында, таулы және шығыс аудандарда +1…+3°C-қа дейін салқындайды. Күндіз +7…+12°C, таулы аудандарда шамамен +4°C. Солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.