Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде келінімен әзілдескен видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Кадрда өнер иесі келінінің алақанына қарап, бал ашқандай кейіп танытып, ене мен келін арасындағы әзілді жалғастырады.
"Қолдарыңды беріңдер, қолға қарап бал ашып беремін. Сенің күйеуің тамаша адам екен. Сенің енең одан да мықты екен. Сенің енеңдей ене өмірде жоқ екен. Қайдан тапқансың? Мына енең деген масқара мықты адам екен. Енесі Жазира Байырбекова өте тамаша жан. Қыздар, сендерге де Асёканың енесіндей ене бұйырсын", – деді әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің әзілін жылы қабылдап, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір қалдырған.
"Өзіңді мақтамасаң, ешкім мақтамай жүр ме?", "Айналдырған бір ұлы бар, жақсы ене болады ғой", "Керемет ене", "Бізге де жұғысты болсын", – деді оқырмандар.
Бұған дейін Жазира Байырбекова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туралы жылы естелігін бөліскен.
Жазира Байырбекова кім?
Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасының танымал әншілерінің бірі. Толық аты-жөні – Жазира Сайлауқызы Байырбекова. Ол 1978 жылғы 30 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысының аумағында дүниеге келген.
Өнерге деген қызығушылығы бала кезінен байқалып, жасынан домбыра тартып, ән айтып, түрлі шығармашылық байқауларға қатысқан.
Ашық деректерде Жазира Байырбекованың 14 жасында "Тамаша" ойын-сауық отауында өнер көрсеткені айтылады. Кейін ол әнші Жанболат Ербатыровпен шығармашылық дуэт құрып, екеуі қазақ эстрадасындағы танымал өнерлі жұптардың біріне айналды.
Жанболат пен Жазираның орындауындағы әндер тыңдарман арасында кеңінен тарады. Олардың шығармашылығында махаббат, отбасы, адалдық, сағыныш және адамгершілік тақырыптары жиі көрініс табады.
Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде де белсенді. Ол оқырмандарымен шығармашылығы, отбасы, жеке өмірі және қоғамдағы түрлі мәселелер туралы ойларын бөлісіп отырады.
Әнші мен Жанболат Ербатыров ұзақ жылдар бойы отбасылық өмірде де, шығармашылықта да бірге келе жатыр. Өнерлі жұптың отбасы мен шығармашылығына қатысты жаңалықтар көпшіліктің назарын жиі аударады.
Бүгінде Жазира Байырбекова тұрақты тыңдарманы қалыптасқан қазақ эстрадасының белгілі өкілдерінің бірі.