Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан кетті.
Сондай-ақ Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бұдан бөлек, Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.