Сапарбаев та кетті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 07.04.2022

Облыстың жаңа әкімі болып Сапарбаевтың орынбасары Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып Қордай маңындағы Масанчи ауылында болған ұлтаралық наразылықтан кейін тағайындалған еді. Оған облыстағы жағдайды тұрақтандырып, өзара келісім орнату жұмысы тапсырылған. Оқиға салдарынан 11 адам қайтыс болып, 25 қылмыстық іс қозғалған. Сапарбаев әр жылдары Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының әкімі болған. Оның қызметтен не үшін кеткені және қандай қызметке ауысқаны туралы әлі ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз: Қордай қақтығысы: Қираған үй жаңарды, ал көңілдегі жара жазылды ма?

2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздың экс-әкімі Қайрат Досаевты табиға ресурстарды басқару департаментінің басшысы етіп тағайындағаны үшін Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Облысқа жаңа тағайындалған жаңа әкім Нұржан Нұржігітов осы кезге дейін тек Жамбыл облысында қызмет еткен. 2021 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімінің орынбасары болған.

Байланысты жаналықтар

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025
MalimBlocks
Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,