«Кертаев күдікке ілінді»: «Хабар» агенттігінің жағдайы «хабардағыдай» емес

1,5 миллиард теңге қаржыға байланысты заң бұзушылық фактілері анықталған

Malim Админ

  • 25.04.2022

Чиновник телеграмм арнасының  хабарлауынша, «Хабар» Агенттігі» АҚ-не қатысты Есеп комитеті тексеру жүргізуіне байланысты іс қозғалып жатыр.

Бұл жайт мемлекеттік аудиторлар және қаржылық құқық қорғау органдарының назарын аударған. Деректерге сәйкес, бюджет қаражатын жымқыру 500 миллион теңгеге жетіп, 1,5 миллиард теңге қаржыға байланысты заң бұзушылық фактілері анықталған.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, қазір «Аманат» партиясының хатшысы Ринат Кертаевқа қатысты аутсорсингтік компаниялар мен жеке кәсіпкерлер түскені сондай-ақ, тергеушілерде деректі фильмдер мен телебағдарламалар сериясын жасаудағы махинацияларға қатысты сұрақтар бар екені хабарланды.

«Кертаев «Хабар» агенттігінде көп жылдар бойы Дариға Назарбаеваның мүддесіне жұмыс істегендердің бірі болғаны белгілі. Бұрын ол «Дулат» руынан шыққанымен, беделді адамның туысы ретінде өзін «Шапыраштымын» деп келгенін жазады «Чиновник» телеграмм арнасы.

Дереккөздердің айтуынша, қазіргі уақытта Кертаев күдіктілердің тізімінде. Алайда келтірілген залалдың көлемі, күдіктілердің ауқымы әлі анықталған жоқ. Бұл жағдайдан кейін Кертаевтың мәртебесі өзгеруі мүмкін.

Сонымен бірге «Хабар» телеарнасында қызметкерлердің төмен жалақы алуына байланысты өршіп тұрған жанжал қоғамда резонанс тудырды. Осыған орай қылмыстық істің қаралуын жылдамдатуы мүмкін дейді.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін қазіргі «Аманат» партиясының хатшысы Ринат Кертаевқа бірнеше рет телефон соғып едік, телефон тұтқасын көтермеді.

Фото: коллаж Б.Беков

Байланысты жаналықтар

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды