Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Әлеумет

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

malim Авторы: malim
02.03.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция алып кетті. Наразылық акциясына қатысып жатқан аналардың бірі Назира Мукушеваның сөзінше, әкім Алтай Көлгіновпен кездеспекші болған төрт ананы полиция ұстап алып кеткен.

«Әкімнің кабинетіне қарай 3-4 қызымыз өткен. Төрт ананы полиция басқармасына алып кетті. Оларды әкімнің есігін сындырды деген айыппен алып кеткен. Телефондарын алып қойған сияқты. Хабарласып ала алмай отырмыз. Олармен кездесуге әкімдік тарапынан ешкім шыққан жоқ. Құзырлы орган қызметкерлері қоршап тұрып, алып кетті», – дейді Мукушева.

Оқи отырыңыздар: Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Назира Мукушеваның айтуынша, қазір әкімдікте 30-ға жуық ана түнеп жатыр. Олардың арасында мүгедек балалары бар аналар да бар.

«Қазір біз әкімдікте отырмыз. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар мен біз бармыз. Жалпы саны 30-40 адам. Полиция қызметкерлері әлі осында жүр. Қазір министрліктен адамдар шақырамыз деген, сол кісілерді күтіп отырмыз», – дейді Мукушева.

Оқи отырыңыздар: “Бізге адам деп қарап жатқан жоқ”: Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

Мукушева осы уақытқа дейін кездесуге әкімнің өзі емес, тек орынбасарлары ғана келгенін айтады. Оның сөзінше, аналардың әкімдік қызметкерлері аналардың «әкім қайда, неге келмейді?» деген сұрағына тоғыз күннен бері «Алтай Көлгінов жиналыста» деген жауап айтқан.

Аналар Нұр-Сұлтан әкімдігіне 22 ақпаннан бері түнеп келеді. Олар «көп балалы аналарға үй беру», «ана мен баланың жағдайын жасау», «лайықты жұмыс орындарын ашу» сияқты бірнеше талап қоюда. Бірақ қалалық әкімдік те, «Nur Otan» партиясы да аналарға талаптарын жазбаша тапсыру қажеттігін айтқан.

Tags: Алтай КөлгіновАналарНұр ОтанНұр-Сұлтан

Ұқсас жазбалар

“Қызыл аймақтағы” Алматы: “70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған”

Авторы: malim
13.04.2021
0

Алматыда ковидпен ауырып жатқан науқастар дәрігерлердің шарасыздығына наразылық білдірді. КазТАГ басылымының мәліметінше, Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде орналасқан госпитальде...

Сурет: islam-today.ru

Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?

Авторы: malim
12.04.2021
0

Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол...

Қуаныш Жұмабекұлы

Ғылымы дамыған ел өседі

Авторы: malim
12.04.2021
0

12 сәуір – Ғылым күні. Соңғы жылдары мемлекет ғылымды қаржыландыруды арттырып, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жеткізбек....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Головкин келесі айда рингке шығады

02.10.2020

Қазақстанда қанша дәрігер коронавирус жұқтырды?

03.07.2020

Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

25.02.2021

Бахаргүл Төлеген: Елді мекендерді қазақыландыру қажет!

03.01.2021
voxpopuli.kz

“25 қазан Назарбаевқа керек болды”

26.10.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!