Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.

Айшолпан КЕРІМ

  • 25.01.2022

Семейлік екі депутат “партия басшылығына сенімін жоғалту” себебінен партиядан кетуге өтініш білдірді. Экс-нұротандық Дулат Қажмұханбет пен Айдос Қисаменов басқарушы партияның әрекетсіздігінен көңілі қалғанын айтқан.

«Бұл шешім туралы ойлап жүргеніме біраз болды(…)Трагедиялық қаңтар оқиғасы басталып, аяқталғанға дейін біз бір рет те болған жайтты талқылаған жоқпыз. Депутаттық институтынан, осыншалық жауапты кезеңдегі партия филиалының әрекетсіздігінен қатты көңілім қалды, сайлаушылар артқан сенім ақталмады. Ескі шіріген іргетас үстінен жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес нәрсе!» – деді Қисаменов.

"Нұр Отан" партиясының бұрынғы депутаты Дулат Қажмұханбет те Facebook парақшасында дәл осы себептен көңілі қалғанын айтып, тіпті белсенді азаматтық ұстанымы үшін қоқан-лоққы көргенін мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, Nur Otan партиясының өңірлік жетекшілері болып есептелетін қала мен облыс басшылығына да ойлай білетін әрі тәуелсіз, жеке көзқарасы бар мәслихат депутаттары керек емес екеніне толық көзім жетті. Айтқан сөзді тыңдайтын, облыс әкімі Даниал Ахметовтың пәрменіне уақытылы қол көтеретіндер керек екен. Азаматтық белсенділік үшін қуғынға ұшыратып, құқық шектеп, қорқытып, ашық түрде (мені - ред.) партиядан шығарып тастауға тырысты», – дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді