Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

  • 05.10.2022
А.Көлгінов / Фото: informburo.kz

Қазақстанда ауасы ең лас қала қай қала? Қазгидромет өткен аптада (27 қыркүйек-3 қазан) Қазақстанның қалаларының ауасын тексеріпті.

Нәтижесінде, Астана қаласы ең ауасы лас қала ретінде аталыпты. Жеті күн ішінде Астананың ауасы бекітілген концентрациядан 1 318 мәрте асып кеткен. Қазгидромет, тіпті, қаланың ауасы ең лас көшесін де анықтапты – Дулат Бабатайұлы.

Екінші орында Астананың көршісі – Қарағанды қаласы. Ауаның ластану көрсеткіші Астанадан үш есе аз бұл қалада мөлшерден асу – 521 мәрте қайталанған.

Үшінші орынды Алматы қаласы түйіндейді. Бұл қаланың көрсеткіші Астанадан 11 есеге жуық аз. Алматыдағы ең ауасы лас аудан ретінде Түркісіб ауданы аталыпты.  

Ал, ең таза қала ретінде Шымкент пен Ақтөбе көш бастап тұр. Қазгидромет таратқан мәлімет бойынша, өткен аптада шамадан тыс экстремалды ластану болмаған. Сарапшылар Астана ауасының соншама көп ластануының себебін көліктің көптігінен және ескірген транспорт паркінен көреді.

Ел астанасының ауасы қатты ластанып, қысты күндері қап-қара түтін басқан кездер болған. Өзінен кейінгі екінші, үшінші орындардағы қалалардан соншама есе ұзап кеткен Көлгінов Астана қаласының ауасын тазарту үшін мекемелер мен үйлерді газға қосып жатқанын кеше ғана айтқан. Одан бұрын электроавтобустар сатып алам деген. Саябақтарды көптеп ашу керек деген. Көп уақыттан бері экологтардың тұрақты проблемасына айналған Талдыкөлдің орнына эко-саябақ ашам деп те уәде берген. Сірә, сөзден іске көшпесе, басқасы басқа, Ақорда орналасқан қаланың бұл күйі Астана мэріне жақсы ат әпермесі анық.

2021 жылы Швейцарияның IQAir бақылау тобы ұсынған рейтингте Қазақстан ауасы ең ластанған елдердің қатарына кірген. Еліміз әлемдегі ауаның ластануы бойынша 23-орында тұрғаны айтылған.

Байланысты жаналықтар

Боччаны білмейтіндер көп  

26.02.2023

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

26.02.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

"Астана" футбол клубының бұрынғы басшылығы қаржы жымқырды деп айыпталуда

18.11.2021

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021
MalimBlocks
Боччаны білмейтіндер көп  

Бес жылдан бері қолға алынған

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

Рейсті тоқтатып тастаған

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

"Астана" футбол клубының бұрынғы басшылығы қаржы жымқырды деп айыпталуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана» ФК бұрынғы басшылығына қатысты қаражатты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.