freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда көлік жүріп келе жатқанда бала есікті ашып, жолға құлап түсті

Қоғам •
Көкшетауда көлік жүріп келе жатқанда бала есікті ашып, жолға құлап түсті
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Көкшетауда мектепке бара жатқан бала қозғалыстағы автокөліктен құлап түсті. Абырой болғанда, оқиға салдарынан бала зардап шекпеген, деп Malim.kz тілшісі, Halyqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, Subaru Forester көлігінің жүргізушісі ұлын мектепке апара жатқан. Жол үстінде бала көліктің есігін ашып қалып, сыртқа құлап кеткен.

Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың арнайы балаларға арналған ұстағыш құрылғысыз және қауіпсіздік белдігіне арналған адаптерсіз отырғаны анықталды.

Оқиғадан кейін жүргізуші жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғаны және көлікті тоқтату ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушімен профилактикалық әңгіме өткізіп, балаларды көлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Құзырлы орган ата-аналарға баланы көлікке отырғызғанда жасына және бойына сәйкес арнайы қауіпсіздік құрылғыларын пайдаланудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу