freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet •
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ арқылы жасалған

6 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Кей облыстарда желдің екпіні секундына 23–28 метрге жетеді. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметіне сүйеніп, Malim.kz  хабарлайды.

Астанада жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +3…+5 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус күтіледі. Солтүстік-батыстан жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.

Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +5…+7, күндіз +15…+17 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 8-13 м/с.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде солтүстік пен шығыста жауын-шашын күшейеді. Бірқатар ауданда жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Түнде 0…+5, батысы мен солтүстігінде -3 градусқа дейін суытады. Күндіз 0…+5 градус болады. Жел 9-14, екпіні 15-20, солтүстік пен шығыста 23–28 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0…+5, кей аудандарда -3 градус, күндіз +10…+15 градус күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысында оңтүстікте жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Түнде +3…+8 градус, батысы мен солтүстігінде 1 градус үсік, тауларда –3…+2 градус күтіледі. Күндіз +12…+17, тауларда +5…+10 градус болады. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында түнде жауын-шашын болмайды, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +2…+7, күндіз +15…+20 градус болады. Жел 9-14, кей аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашынсыз, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі. Кей аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, батысы мен солтүстігінде –3 градус, күндіз +12…+17 градус болады. Оңтүстік-батыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+8 градус, таулы аудандарда 1 градус үсік күтіледі. Күндіз +10…+15, тауларда +7 градус болады. Жел 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында шығыста жаңбыр, тауларда жаңбыр мен қар жауады. Таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде +7…+12, тауларда +3 градус, күндіз +12…+17, тауларда +9 градус болады. Жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, батысы мен солтүстігінде -3 градус, күндіз 0…+5, оңтүстігінде +8 градус күтіледі. Жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Күндіз кей аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде -6…-1, оңтүстігінде +2 градус, күндіз +5…+10, оңтүстігінде +13 градус болады. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде +1…+6 градус, батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік болады. Күндіз +13…+18, солтүстігінде +10 градус күтіледі. Жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда түнде жауын-шашын болмайды, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 7–12 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын күшейеді. Кей аудандарда тұман түседі. Түнде 0…+5, солтүстігі мен шығысында -3 градус, күндіз +2…+7 градус болады. Жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде 0…+5, кей аудандарда -3 градус, күндіз 0…+5 градус болады. Түнде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14, кей аудандарда 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Бірқатар ауданда тұман түседі. Түнде 0…+5, шығысы мен тауларында –5 градус, күндіз +7…+12, тауларда +3 градус болады. Жел 15-20, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Абай облысында түнде батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Тұман күтіледі. Түнде +1…+6, күндіз +8…+13 градус болады. Жел 15-20, екпіні 23-28, кей аудандарда 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде +3…+8 градус, батысы, солтүстігі мен тауларында 2 градус үсік болады. Күндіз +12…+17, тауларда +9 градус күтіледі. Жел 9-14, кей аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде 0…+5, кей аудандарда –3 градус, күндіз 0…+5, оңтүстігінде +8 градус күтіледі. Жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу