freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс ЖБФ-ның тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартуға 218 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Қоғам •
Қазақмыс ЖБФ-ның тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартуға 218 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Фото: t.me/kazakhmys_news

Қазақмыс Жезқазған байыту фабрикасының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын кешенді жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр. Жезқазған байыту фабрикасының №1, №2 және №3 әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарын, сондай-ақ медициналық пунктін жөндеуге 218,6 млн теңгеден астам қаржы бағытталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңарту жұмысы жұмыскерлердің күнделікті пайдаланылатын нысандарын қамтиды. Атап айтқанда, жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын орындар, санитарлық-тұрмыстық аймақтар және әкімшілік-тұрмыстық корпустардағы басқа да бөлмелер заман талабына сәйкестендірілуде. 

Сонымен қатар ғимараттардың шатырлары мен қасбеттері жөнделіп, инженерлік коммуникация жаңартылуда.

Жұмыстың негізгі бөлігі №1 және №2 әкімшілік-тұрмыстық корпустарда жүргізілуде. Мұнда жуынатын бөлмелер мен киім ауыстыратын орындар кешенді жөндеуден өтіп, санитарлық бөлмелер, баспалдақ алаңдары, шатыр мен ғимараттың қасбеті мен жертөлесі жаңартылуда. №3 әкімшілік-тұрмыстық корпуста санитарлық бөлмелер, дәліз және баспалдақ алаңы әдемі қалыпқа келтірілді. 

Жобаның жеке бағыты – Жезқазған байыту фабрикасының медициналық пунктін жаңарту. Ғимараттың ішкі бөлмелері, шатыры мен қасбеті жөнделіп, жылыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылуда. Сондай-ақ жаңа сантехникалық жабдықтар орнатылуда.

Жұмыс бекітілген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізілуде.

2026 жылы «Қазақмыстың» жаңа басқарушы командасы еңбек жағдайын жақсарту мен кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңартуды басым бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Компания өндірістік нысандармен қатар жұмыскерлер күнделікті пайдаланатын әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды да қамтитын бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу