Жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз

Malim Админ

  • 11.03.2021

Мәжіліс депутаттары М. Тәжмағамбетова, Д. Мыңбай, Ж. Сүлейменова, М. Ерман, Б. Әбдіғалиұлы, Ә. Әбсеметова, Г. Нұрымова, Е. Смышляевалар мемлекеттік баспа басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіргенде, оның құрамына жасөспірімдер мен балалар басылымдары –«Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінің кіруіне қарсы.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында олар Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда айтқан сөзіне сүйенді.

Депутаттық сауалдың мәтіні:

Жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыратын негізгі механизм – баспасөз бен кітап. Осыған орай бүгінде бізді алаңдатқан жай бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы Қаулысына сәйкес барлық мемлекеттік баспа басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіру жоспарлануда. Мұның ішінде, «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттері бар. Біріктіру жұмыстары ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады екен. Біз басқа басылымдардың біріктірілуін түсіністікпен қабылдаймыз. Алайда, жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз.

Аталған басылымдар, заман ағымы мен уақыттың талабына сай, балалар мен жасөспірімдерге мамандық таңдау, кәсіппен айналысу, балаларға психологиялық қолдау көрсету, ақпараттық технологиялар мен инновацияның маңызы туралы, осы салада қызмет етіп жүрген озық ойлы жастарды насихаттайды. Google, Facebook, Bоoking.com, Amazon секілді әлемге әйгілі компанияларда, кремний алқабында қызмет етіп жатқан қазақ жастарымен таныстырып отырады. Олимпиада жүлдегерлері тұрақты түрде жарияланады. АҚШ-тың, Британияның, басқа да алдыңғы қатарлы Еуропа және Азия елдерінің озық университеттерінде білім алып жүрген жастарды таныстырып, олардың ақыл-кеңесін жариялайды. Экологиялық, құқықтық және медиа сауатты насихаттайды. Төрт басылым да – толықтай мемлекеттік.

Бүгінде «Ұлан» газеті аптасына бір рет 5000, «Ақжелкен» журналы айына бір рет 3000, «Балдырған» журналы айына бір рет 7000, «Дружные ребята» газеті аптасына бір рет 3000 данамен шығады.

4 басылымға кететін жылдық шығын мөлшері 134 млн. теңгені құрайды екен. Жастайынан сауат ашып, мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін, тәрбие құралдары – балалар басылымдарына бұл көп қаражат емес деп ойлаймыз.

Елімізде 7100 мектепте 3 миллионнан астам оқушы білім алуда. Әзірге жалғыз «Балапан» телеарнасының қызметін ескерсек, мемлекеттік тілде балаларымыз бен оқушыларымыздың тәрбие құралына мұндай біріктіру қаншалықты қисынды? Осы мәселе педагогтар мен ата-аналар қауымымен талқыланды ма екен? Жаңа әліпбиге көшу жағдайында мұның маңызы алдағы уақытта арта түспек. Оның үстіне мемлекеттік мінбелерде мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы мәселені іске асыратын уақыт жетті. Тілді  дамытудың бір жолы жас ұрпаққа ана тіліндегі ғасырға жуық уақытта қалыптасып, даму кезеңін өткерген басылымдардың таралымын арттыру, ауылдағы жасөспірімдер қатарынан оқырмандар санын сақтау деп білеміз.

Ұрпақ тәрбиесі, таным-түсінігі, болмыс-бітімі – мемлекетіміздің бірінші байлығы. Олардың болашаққа деген сенімі, нық қадамы ұлттық құндылықтарымызды ана тілінде әдебиетке баулудан басталады. Сондықтан, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері ретінде балалар баспасөзін басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен біріктірудің уақыты келген жоқ деп санаймыз.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы және Аида Ғалымқызы!

Біріншіден, балалар басылымдарын бірыңғай брендпен біріктіруді тоқтатуыңызды сұраймыз.

Екіншіден, балалар баспасөзін балаларға арналған теле-радио арналарын дамытуға, жаңғыртуға қосымша жаңа мүмкіндіктер қарастыру қажет.

Үшіншіден, еліміздегі барлық оқу орындары, мектеп алды мекемелер,  мектептер, жекеменшік оқыту орталықтары мен кітапханаларында балалар басылымдарының міндетті түрде балаларға қол жетімді болуын қамтамасыз етілуін қадағалауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, кез-келген баланың қалауы бойынша жазылуына жағдай жасауды қарастыру қажет деп білеміз.

Жауабын Қазақстан Республикасының заңнамасымен  белгіленген мерзімде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

13.03.2024

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

22.06.2023

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

05.05.2023

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?

15.11.2021
MalimBlocks
«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылау бойынша ашық диалог алаңы өтті.

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?