«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.

  • 05.05.2023

Бұл хабар бүгін Астанада өткен квазимемлекеттік секторда әйел басшыларды даярлау рәсімінің қорытындысында айтылды. Әйел басшыларды даярлау  «Гендерлік теңдік» бағдарламасы аясында жүріп жатыр екен. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бұл оқу жобасы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылған және квазимемлекеттік секторындағы компаниялар мен ұйымдардың басқарушы органдарында әйелдердің үлесін арттыруға бағытталған»,- дейді БАҚ-қа таратылған баспасөз мәліметінде. Ондағы хабарға қарағанда бұл жоба президентінің мемлекет қатысатын компаниялардағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің 30 пайыздық өкілдігі тапсырмасын іске асыру тетігінің біріне айналған. Жиынға қатысқан Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева: «Ұлттық комиссия қоғамдық негізде жұмыс істейтін және белгілі бір саланың дамуына және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге үлкен үлес қосатын өте белсенді және перспективалы әйелдерден тұрады. Бүгінде Әйелдер қозғалысы жаңа жарқын өкілдермен және көшбасшылармен толықтырылуда. Сіздердің әрқайсыңыздың қазақстандық қоғамдағы әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ететін өз идеяларыңыз, бастамаларыңыз, жобаларыңыз бар екеніне сенімдімін. Менің ойымша, әйелдерді әртүрлі компаниялардың Директорлар кеңесіне қосуды көздейтін бүгінгі жобамыз бірегей»,- депті.

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповта  сөз алып, былай депті: «Бүгін компанияларды басқаруға бағытталған тәсілдерді жетілдірудің өте маңызды кезеңін аяқтап отырмыз. Бізде шешім қабылдау деңгейінде жұмыс істеуге дайын әйелдер пулы бар. Біздің көшбасшыларды даярлау тәжірибеміз бүкіл елге пайдалы болатынына сенімдімін және біз оны бөлісуге дайынбыз».

 «Самұрық-Қазына» тобында 259,5 мың адам бар екен, оның  72 мыңы әйел. 8,5 мыңға жуығы бөлім бастығы лауазымынан бастап басшылық лауазымға дейін қызметте. Бұл жалпы басшылар санының шамамен үштен бір бөлігі. Ал жоғары басшылықта (басқармалар, директорлар кеңестері, байқау кеңестерінде) әйелдердің үлесі  15 пайыздан аспайды екен. Енді әйел басшыларды сан жағынан көтергісі келетіндер бұл көрсеткішті 2023 жылы 20%-ға дейін және 2030 жылға қарай 30%-ға дейін арттырмақ.  Осыған байланысты әйелдер көшбасшылығы дағдыларын қалыптастыру, әйел көшбасшыларды ынталандыру және ілгерілету, гендерлік теңдік басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі ортаны дамыту үшін жағдайлар жасалады деп отыр.

Осы міндеттерді іске асырудың тиімді құралдарының бірі «Гендерлік теңдік» бағдарламасы болды екен. «Гендерлік теңдік» бағдарламасымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен басқарушылық тәжірибесі бар «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері мемлекеттік компаниялардың директорлар кеңестері мен байқау кеңестерінің құрамына кіру үшін менеджменттің қосымша курстарынан өтіпті. Бүгінде 71 әйел курсты аяқтап, сертификат алған екен. 15 түлек орталық мемлекеттік органдар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялар жанындағы сараптамалық топтарға енгізіліпті. Тағы 10 қатысушы мемлекеттік компаниялардың басқару органдарына қабылданыпты. Қысқасы, әйел басшыларды сан жағынан көтеру ісінде шенділер жерге қарамайтын сияқты.

Байланысты жаналықтар

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

22.06.2023

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

08.06.2023

Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге қысым жасамауды тапсырды

27.04.2023
MalimBlocks
Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылау бойынша ашық диалог алаңы өтті.

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді  

Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге қысым жасамауды тапсырды

Бұл пікір енді оңалып келе жатқан тілдік ахуалға қалай әсер етеді?