Аналарға қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты бекітілді

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылау бойынша ашық диалог алаңы өтті.

  • 22.06.2023

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте 83 мыңнан астам адам жұмыс істесе оның 46 мыңнан астамы әйел, яғни аппараттың 55%-ын әйелдер құрап отыр. Басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесі 40%-ға жуық.

Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Аида Балаева,  Конституциялық сот өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы әйел басшылар, аудан және ауыл әкімдері, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы әйелдің рөлін, мемлекеттік қызметте ілгерілету кезіндегі тең жағдай мен мемлекеттік қызметші әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мәселелерін талқылады.

Биыл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына мониторинг жүргізу үшін нормативтік құқықтық база толығымен реттелді. Бала тәрбиелеп отырған аналар үшін өзекті болып табылатын қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты енгізу қағидалары бекітілді.

Көптеген жылдар бойы ротация мәселесі мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардағы әйелдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі болды. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер басқа елді мекенге ауысуға жататын қызметкер жүкті әйелдер, көп балалы немесе жалғызбасты ана, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйел санатына жатса, ротацияны іске асыру тек әйелдің келісімімен ғана мүмкін болады.

Жиынға қатысушылар диалог барысында айтылған идеялар мен ұсыныстар шешімдер қабылдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында ескерілетінін айтты.

Байланысты жаналықтар

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

16.07.2024

Елтаңба өзгермейтін болды

04.07.2024

Министр Балаева мәдениет қайраткерлеріне «хабарлама жіберіп жүр»

30.06.2024

Аида Балаева: Жаһандық өзгерістерге толы жаңа дәуір ақпарат саласын да жаңа арнаға бұрды

28.06.2024

«АҚШ-тан қаралы хабар келді»: Қазақстанның белгілі ақыны өмірден өтті

26.06.2024

Сахнада балағат сөз айтатын әртістерді жазалау: Балаева не дейді

13.06.2024
MalimBlocks
Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

Елтаңба өзгермейтін болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын.

Министр Балаева мәдениет қайраткерлеріне «хабарлама жіберіп жүр»

Министрлік мұның алаяқтық екенін мәлімдеді

Аида Балаева: Жаһандық өзгерістерге толы жаңа дәуір ақпарат саласын да жаңа арнаға бұрды

Ақпараттық технологиялардың әсерінен қоғамдық процестер, коммуникациялық жүйе транцформацияға түсті.

«АҚШ-тан қаралы хабар келді»: Қазақстанның белгілі ақыны өмірден өтті

Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды

Сахнада балағат сөз айтатын әртістерді жазалау: Балаева не дейді

Сондай-ақ министр «петицияға қол қою шегі көтеріле ме» деген журналистер сауалына жауап берді.