freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Саған өзгелерден әлдеқайда көп мүмкіндік бердім": Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға жауап берді

Шоу-бизнес
"Саған өзгелерден әлдеқайда көп мүмкіндік бердім": Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға жауап берді
Фото-коллаж: malim.kz

Продюсер Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекованың әлеуметтік желідегі пікіріне қатысты Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұған дейін желі қолданушыларының бірі әншіге "Моля, ұстазыңызбен достасыңыз" деп жазған. Мөлдір Әуелбекова оған "Құдай сақтасын, бетін аулақ" деп жауап берген еді. Баян Алагөзова осы пікірдің скриншотын сторисіне бөлісіп, әншіге өкпесін білдірді.

"Сен менің ең үздік шәкіртім болдың! Саған өзгелердің бәрінен әлдеқайда көп мүмкіндік бердім. Бірақ, шамасы, Құдай ар-ұят үлестіргенде саған ештеңе бұйырмаған сияқты?!" – деп жазды продюсер.


Әзірге Мөлдір Әуелбекованың Баян Алагөзованың бұл сөзіне берген жауабы жарияланған жоқ.

Айта кетейік, осы пікірден кейін продюсер Бағым Мұхитденова да Мөлдір Әуелбековаға қатысты көптен бергі ренішін ашық айтқан болатын. Ол әншінің өнерге келуіне көмектескенін мәлімдеп, араларындағы қарым-қатынасқа байланысты бірқатар айыптау айтты. Бағым Мұхитденованың сөздері – оның жеке мәлімдемесі.

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова "КешYOU" тобының концертіне қатыспайтынын хабарлаған. Әнші бұл шешімді шығармашылық жолындағы бір кезеңді аяқтаумен байланыстырған еді.

Баян Алагөзова кім?

Баян Алагөзова – Қазақстандағы танымал продюсер, тележүргізуші, актриса және әнші. Ол 1974 жылы Орал қаласында туған. Көпшілікке алғаш 1993 жылы Талғат Теменовтің "Махаббат бекеті" фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танылды. Кейін журналистика мен телевидениеде жұмыс істеп, бірқатар бағдарламаларды жүргізді. 

2000-жылдардың ортасынан бастап продюсерлікке белсенді араласып, әсіресе "КешYOU" тобымен танылды. Сондай-ақ Жанар Дұғалова, Ерке Есмахан секілді әртістердің шығармашылық жобаларына продюсер ретінде қатысқан. Ол Shine Production компаниясын басқарған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу