freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па?" – Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға өкпесін ашық айтты

Қоғам
"Бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па?" – Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға өкпесін ашық айтты
Бағым Мұхитденова мен Мөлдір Әуелбекова. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбекованың әлеуметтік желідегі бір пікірге берген жауабынан кейін оған қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі қолданушыларының бірі әншіге "Моля, ұстазыңызбен достасыңыз" деп жазған. Мөлдір Әуелбекова оған "Құдай сақтасын, бетін аулақ" деп жауап берген. Осы сөзден кейін Бағым Мұхитденова өзінің парақшасында бұрыннан іште жүрген ренішін жария етті.

Продюсер әншіге кезінде жасаған көмегін еске салып, жақсылықты ұмытпау керегін айтты.

"Құдайға шүкіршілік айтып отырып, сол құдайдың "жақсылық жасаған адамға алғыс айт" деген аманатының орнына "бәлесінен аулақ" деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, "бәріне өз күшіммен жеттім" деуің дұрыс па?" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Ол Мөлдір Әуелбекованың бір кездері өз шаңырағында тұрғанын және өнерге жол ашуына көмектескенін де сөз етті. Сонымен қатар жеке қарым-қатынасына қатысты ауыр айыптауларын да жариялады.

"Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, "бәріне өз күшіммен жеттім" деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па?” – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Бағым Мұхитденова бұл жағдайға байланысты ұзақ уақыт үнсіз келгенін де жеткізді. Оның айтуынша, Мөлдір Әуелбекованың өзін жәбірленуші ретінде көрсетуі көңіліне тиген.

“Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігісі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа”, – деп жазды продюсер.

Бұған дейін не болды?

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова КешYou тобының концертіне қатыспайтынын мәлімдеген. Ол бұл шешімі арқылы шығармашылық өміріндегі бір кезеңді аяқтап отырғанын айтқан.

"Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын", – деп жазды ол.

Бұл шешімге Баян Алагөзова да пікір білдіріп, әншінің әрекетіне көңілі қалғанын айтқан.

"Мөлдір Әуелбековадан мен дәл осыны 100 % күттім. Ол мені жолдың ортасында тастап кетті. Ол кезде мен барлық процесті бастап қойған едім. Кемінде 200 мың доллар жұмсап қойған едік", – деді продюсер.

Баян Алагөзованың сөзінше, Мөлдір Әуелбекованың концертке қатыспайтынын алдын ала жеке хабарламай, дайындық жүріп жатқан кезде көпшілікке жариялауы оған ауыр тиген.

Осыдан кейін Бағым Мұхитденова Revue News жобасына берген сұхбатында Мөлдір Әуелбековамен арада болған жанжалға қатысты пікір білдірген.

Бағым Мұхитденова кім?

Бағым Мұхитденова – қазақстандық музыкалық продюсер, әнші және композитор. Ол отандық шоу-бизнесте 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп, бірқатар танымал музыкалық жобаның қалыптасуына атсалысқан. Сондай-ақ ол продюсер Баян Алагөзованың туған әпкесі.

Бағым Мұхитденованың есімі ең алдымен KeshYou тобымен тығыз байланысты. Топ 2006 жылы құрылған, ал Мұхитденова оның музыкалық продюсері ретінде әр жылдары топ мүшелерімен жұмыс істеді. Ол ән таңдау, музыкалық бағыт қалыптастыру және орындаушылардың шығармашылық дайындығына атсалысқан.

Продюсер Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева секілді әншілермен де шығармашылық жұмыс жүргізген. Мәселен, Жанар Дұғалованың музыкалық продюсері ретінде оның шығармашылық дайындығына қатысқаны, ал Кәмшат Жолдыбаеваға жаңа ән таңдаумен айналысқаны туралы ашық деректер бар.

Бағым Мұхитденова телевизиялық музыкалық жобаларда да еңбек еткен. Ол "Саз әлемі" жобасының музыкалық продюсері болған, сондай-ақ "Ғашық жүрек" телетоптамасында музыкалық продюсер қызметін атқарған.

Мөлдір Әуелбекова да KeshYou құрамында жүрген жылдары Бағым Мұхитденовамен бірге жұмыс істеген. Кейін олардың арасында келіспеушілік болғанын продюсердің өзі бірнеше сұхбатында ашық айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу