freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Оның шынайы болмысын айтатын уақыт келді": Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекова туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО)

Қоғам
"Оның шынайы болмысын айтатын уақыт келді": Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекова туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО)
Malim.kz коллажы. Суретте: Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты қатаң жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер өз жазбасында бұрынғы шәкіртімен арадағы қарым-қатынасқа қатысты ойын ашық білдіріп, алдағы жобалар жайында да ишара жасады.

"Мен енді саған да, маған да, мен сен үшін жасағанның бәріне түкіруге жол бермеймін! "20 жыл KeshYOU" атты шуды фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Әлде оның шынайы болмысын айтуға уақыт келген шығар? Мен фильмде оның беделін көтеруге тырысып жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды.

Бұған дейін танымал әнші Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының алдағы концертіне қатыспайтынын хабарлаған еді. Өнер иесі бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын айтып, концерттің "алтын құраммен" жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

"KeshYOU концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңді өзім үшін аяқтаймын. Осы 22 жыл ішінде мен өз атымды қалыптастырып, көптеген кезеңнен өттім. Сахнада да, басқа қызметтерде де жұмыс істедім, бизнеспен айналыстым. Кей кездері өнерден алыстап, кейін қайта оралдым", – деп бөлісті ол.

Баян Мақсатқызы – қазақстандық шоу-бизнес саласындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі, продюсер, актриса, тележүргізуші әрі әнші. Ол 1974 жылы 9 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болып өскен Баянның шығармашылыққа қызығушылығы ерте байқалған.

Ол алғаш рет 1993 жылы жарық көрген «Махаббат бекеті» фильміндегі рөлі арқылы көпшілікке танылды. Осы жобадан кейін медиа кеңістікте белсенді жұмыс істеп, журналистика мен тележүргізушілікке бет бұрды. Әртүрлі телебағдарламаларды жүргізіп, көрерменге кеңінен танымал болды.

2006 жылдан бастап продюсерлік бағытқа ден қойып, шоу-бизнес саласында ірі жобаларды қолға алды. Солардың бірі – "КешYOU" тобы, ол қазақстандық эстрадада өзіндік орны бар танымал музыкалық ұжымға айналды. Сонымен қатар Баян Мақсатқызы Жанар Дугалова, Ерке Есмахан сияқты өнерпаздармен жұмыс істеп, олардың кәсіби дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Бұдан бөлек, ол кино және телесериалдарда актриса ретінде де көрініп, түрлі жобаларға қатысқан. Бүгінде Баян Мақсатқызы тек шоу-бизнес саласында ғана емес, жалпы медиа және мәдениет кеңістігінде белсенді еңбек етіп жүрген көпқырлы тұлға ретінде танылып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу