freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

25 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet
25 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ арқылы жасалған

25 қыркүйекте Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазгидрометтің болжамынша, жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Елдің солтүстігінде 25–26 қыркүйек күндері 1–2 градус үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. 

Астана: Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +7…+9 °C, күндіз +13…+15 °C. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Алматы: Жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14 °C, күндіз +23…+25 °C. 

Шымкент: Жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14 °C, күндіз +25…+27 °C. 

Абай облысы: Жауын-шашын күтілмейді. Түнде солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5…+10 °C, күндіз +15…+20 °C, оңтүстігінде +23 °C болады.

Ақмола облысы: Түнде батысы, солтүстігі мен шығысында, күндіз облыс аумағында жаңбыр жауады. Түнде +4…+9 °C, күндіз +12…+17 °C. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Ақтөбе облысы: Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +5…+10 °C, күндіз +18…+23 °C, батысында +27 °C. 

Алматы облысы: Оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15 °C, күндіз +23…+28 °C; тауда күндіз +12…+17 °C. 

Атырау облысы: Күндіз батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+19 °C, күндіз +23…+28 °C. 

Шығыс Қазақстан облысы: Түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз жауын-шашынсыз. Түнде +1…+6 °C, күндіз +15…+20 °C. 

Жамбыл облысы: Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15 °C, күндіз +23…+28 °C. 

Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +7…+12 °C, күндіз +18…+23 °C; таулы аудандарда күндіз шамамен +15 °C. 

Батыс Қазақстан облысы: Күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +9…+14 °C, күндіз +23…+28 °C, батысында шамамен +20 °C. 

Қарағанды облысы: Таңертең және күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +6…+11 °C, күндіз +12…+17 °C, оңтүстігінде +20 °C. 

Қостанай облысы: Шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Ауа температурасы түнде +2…+7 °C, күндіз +15…+20 °C, оңтүстігінде +23 °C болады. 

Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде +10…+15 °C, күндіз +23…+28 °C. 

Маңғыстау облысы: Күндіз солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +16…+21 °C, күндіз +25…+30 °C. 

Павлодар облысы: Батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Түнде солтүстігі мен батысында тұман түседі. Түнде +6…+11 °C, күндіз +14…+19 °C. 

Солтүстік Қазақстан облысы: Шығысында жаңбыр жауады, түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде +3…+8 °C, күндіз +13…+18 °C. 

Түркістан облысы: Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде +12…+17 °C, күндіз +23…+28 °C. 

Ұлытау облысы: Күннің соңына қарай солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +10…+15 °C, күндіз +20…+25 °C, шығысында +17 °C. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу