freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры опырылды

Қоғам
Алматыда ҚазҰУ Студенттер сарайының шатыры опырылды
Фото-коллаж: tengrinews.kz

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайы ғимаратының шатырының бір бөлігі опырылып түсті. Қазіргі уақытта нысанда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзірге шатырдың опырылуы жөндеу жұмыстарының бір бөлігі болды ма, әлде күтпеген жағдай ма – белгісіз.

Университет оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жариялағанымен, шатырдың нақты қандай себеппен опырылғанын түсіндірмеді.

ЖОО мәліметінше, Студенттер сарайының ғимараты бұрыннан күрделі жөндеуді қажет еткен. 2023 жылы жүргізілген техникалық тексеру кезінде мамандар ғимараттан бірқатар ақау мен зақым анықтаған. Оның ішінде көтергіш конструкцияларға қатысты мәселелер де болған.

Осыған байланысты нысанда реконструкция жұмыстары басталған.

Қазіргі уақытта басқа мемлекеттік органдар Студенттер сарайындағы жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу