freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қоғамды әбден аздырып бітірді": Қанат Айтбаев желідегі коучтарға қатысты шындықты айтты

Қоғам
"Қоғамды әбден аздырып бітірді": Қанат Айтбаев желідегі коучтарға қатысты шындықты айтты
Қанат Айтбаев пен Роза Әшірбаева. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде коучтар мен психологтардың қоғамға ықпалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған Threads желісіндегі bala_tazsha есімді қолданушының жазбасы себеп болған. Автор YouTube-тағы Uide шоуынан үзінді жариялап, видеода айтылған пікірлерді сынға алған.

Желі қолданушысы өз жазбасында:

"Роза коуч отбасы институтын қиратып жатыр" десең, кейбір адамдардың шекесі тырысады... Міне, сендерге дәлел. Әйелді күйеуіне айдап салып, үй ішіндегі иерархияны бұзып жатыр. Жұмыста "еркінмін" деп бастығыңнан сұранбай кетіп қалмайсың ғой. Ендеше сүйіп қосылған жарыңнан не себепті сұранбауың керек?! Үкімет бұл әйелге қатаң шара қолданып, үлкен көлемде штраф төлетіп, халықтың алдында сөйлеуге тыйым салып, парақшасындағы видеоларын өшірткізбесе, алдағы жылдарда орны толмас ұлттық трагедия орын алады", – деп жазған.

Бұл жазбаға Қанат Айтбаев та пікір қалдырып, автордың ойын қолдайтынын білдірді.

"Дұрыс айтасыз. "Қос үйді қоса қондырмайтын" осындай "данышпандарды" заң жолымен тыю керек! "Сөз еркіндігі" деген бетімен кетіп, ауызына келгенін айтып, жұрттың санасын улау емес. Қоғамды әбден аздырып бітірді түрлі "коуч", "психологтар", – деп жазды Қанат Айтбаев.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты сәтті бөліскен.

Қанат Айтбаев кім?

Қанат Айтбаев – қазақстандық әнші, композитор, продюсер және музыкант. Ол көпшілікке әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі продюсері ретінде кеңінен таныс.

Қанат Айтбаев 1971 жылғы 6 қаңтарда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Жұрын ауылында дүниеге келген. Ол "Ақ тілек", "Астана вальсі", "Ақтөбем – алтын ән қалам", "Келмедің", "Ақ жүрек анама", "Балапаным", "Қыз мұңы", "Қос жүрек" секілді 30-ға жуық әннің авторы.

Өнерден бөлек, Қанат Айтбаев мемлекеттік қызметте де еңбек еткен. Ол Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған. 2017 жылы бұл қызметтен кетіп, ұлы Димаш Құдайбергеннің халықаралық шығармашылық мансабына көбірек көңіл бөле бастаған.

Қанат Айтбаев Қазақстанның мәдениет саласына қосқан үлесі үшін бірнеше марапатқа ие болған. 2006 жылы "Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері" атағын алды. 2026 жылы Мемлекет басшысының атынан оған "Парасат" ордені табысталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі оның отандық өнерді дамытуға және қазақстандық музыканы насихаттауға қосқан үлесін атап өтті.

Қанат Айтбаев жұбайы Светлана Айтбаевамен бірге шығармашылық отбасында үш бала тәрбиелеп өсірген. Олардың үлкені – Димаш Құдайберген. Қанат Айтбаев Димаштың халықаралық концерттері мен шығармашылық жобаларын ұйымдастыруға да белсенді қатысып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу