freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат орденімен» марапатталды

Мәдениет
Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат орденімен» марапатталды
Gov.kz

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" орденін табыстады, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп.

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

"Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу