freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

24 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet
24 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: canva.com

24 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал батыс пен оңтүстіктің кей аумақтарында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz. 

Астана: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с болады.

Алматы: Бұлт аралас ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 3–8 м/с.

Шымкент: Бұлт аралас ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 8–13 м/с.

Абай облысы: Түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы +5…+10°C, оңтүстікте +23°C, күндіз +15…+20°C, батыста шамамен +12°C болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысы: Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде +3…+8°C, күндіз +18…+23°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.

Ақтөбе облысы: Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+9°C, оңтүстігі мен батысында +12…+17°C, күндіз +22…+27°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Алматы облысы: Күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15°C, тауда +2…+7°C, күндіз +24…+29°C, таулы аудандарда +14…+19°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.

Атырау облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде +15…+20°C, күндіз +27…+32°C. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15–18 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+7°C, оңтүстігінде +12°C, күндіз +15…+20°C, тауда шамамен +12°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.

Жамбыл облысы: Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15°C, тауда шамамен +5°C, күндіз +23…+28°C, таулы аудандарда +20°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығысы мен таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +10…+15°C, орталығы мен таулы өңірлерде +0…+5°C, күндіз +23…+28°C, тауда шамамен +20°C. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +13…+18°C, шығысында шамамен +10°C, күндіз +26…+31°C. Күндіз солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысы: Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде +4…+9°C, оңтүстігінде +13…+18°C, күндіз +15…+20°C, оңтүстігінде +23°C-қа дейін жылынады. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысы: Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде +5…+10°C, оңтүстігінде шамамен +13°C, күндіз +20…+25°C. Күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Түнде +10…+15°C, күндіз +23…+28°C. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысы: Жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Түнде +17…+22°C, солтүстік-шығысында шамамен +14°C, күндіз +30…+35°C, солтүстік-батысында +27°C-қа дейін. Батысы, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысы: Күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Түнде +5…+10°C, күндіз +17…+22°C. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде +6…+11°C, оңтүстігінде шамамен +3°C, күндіз +17…+22°C. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы: Таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде +12…+17°C, тауда шамамен +9°C, күндіз +25…+30°C, таулы аудандарда шамамен +21°C. Батысында, солтүстігінде және таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +8…+13°C, күндіз +20…+25°C. Солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу