freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мөлдір Әуелбекова кімге ғашық екенін айтты

Шоу-бизнес
Мөлдір Әуелбекова кімге ғашық екенін айтты
Фото: видеодан скриншот / "Шайдың қыздары" бағдарламасы

Әнші Мөлдір Әуелбекова "Шайдың қыздары" бағдарламасына қонақ болып, махаббат пен өзін сүю туралы ойын ашық айтты. Бағдарламаны Мөлдір Мұқан, Гүлзира Айдарбекова және Фариза Байелі жүргізеді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бағдарлама барысында көрермендердің бірі қонақтың қазір кімге ғашық екенін  айтып беруін сұраған.

Мөлдір Әуелбекова бұл сұраққа қазір ең алдымен өзін жақсы көретінін айтып жауап берді.

"Мен қазір өзіме ғашықпын. Біреуге ғашық болып шаршадым. Енді өзіме, өмірге ғашықпын", – деді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, өмірде бастан өткен түрлі жағдайлар адамға көп нәрсе үйреткенімен, кейде ең маңыздысы – өзін сүю екенін кеш түсінесің.

"Бастан неше түрлі жағдай өткеннен кейін адам көп нәрсе үйренеді екен. Бірақ бізге өз-өзімізді сүюді үйретпеген екен. Сондай бір кезең болды деп ойлаймын. Қазір 40-қа келіп түсініп жатырмыз: бірінші өз-өзімізді сүю керек екен", – деді Мөлдір Әуелбекова.

Әңгімеге бағдарлама жүргізушісі Мөлдір Мұқан да араласып, кей кездері өзгені бірінші орынға қойып келгенін айтты. "Өзгені бірінші орынға қойып жүргендердің қатарынанбыз. Кейде сол себепті махаббат жолында таяқ жеп қалғанымыз да бар", – деп пікір қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова отбасымен бірге Малайзияға көшуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Әнші Куала-Лумпур қаласын ұнатқанын айтып, сол жақтан пәтер таңдап қойғанын жазды. Алайда нақты қашан көшетінін көрсетпеген.  
 

Мөлдір Әуелбекова кім? 

Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова – қазақстандық әнші, актриса және тележүргізуші. 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Мөлдір Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледждің музыка бөлімінде домбыра мамандығын оқыған. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып, 2011 жылы магистратурасын тәмамдаған. 2004 жылы SuperStar.kz жобасының екінші маусымына қатысып, үздік ондыққа өткен. 

Көпшілікке ол "КешYOU" тобының әншісі ретінде танылды. Топ құрамында өнер көрсеткеннен кейін, 2012 жылдан бастап жеке шығармашылықпен айналысты. Оның репертуарында "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Бір сен үшін" және "Өсиет" сияқты әндер бар. Сондай-ақ "Ғашық жүрек" фильмінде рөл сомдап, "Елім менің" телебағдарламасын жүргізген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу