freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Пәтер таңдап қойдық": Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге көшетінін ашық айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Пәтер таңдап қойдық": Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге көшетінін ашық айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Танымал әнші, "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова Қазақстаннан кетуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жақын уақытта Малайзияға қоныс аударатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Куала-Лумпур қаласынан пәтер таңдап қойған.

"Куала-Лумпур! Жайлы қала, мейірімді тұрғындар! Пәтер таңдап қойдық! Бұйырса, жақында көшеміз" – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова – қазақстандық танымал әнші, актриса және тележүргізуші. Ол 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Өнер иесі көпшілікке алғаш рет "КешYOU" тобының құрамында өнер көрсету арқылы кеңінен танылды. Кейін жеке шығармашылық жолын бастап, қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

2004 жылы "SuperStar.kz" жобасына қатысып, танымал бола бастады. Бұдан кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып, кәсіби өнер жолын жалғастырды. Студент кезінде "Саф" тобына қабылданып, кейін бұл топ "КешYOU" атауымен үлкен танымалдыққа ие болды. Ұжым құрамында жүріп, халықаралық "Шығыс базары" байқауында бас жүлдені жеңіп алған.

2012 жылдан бастап әнші жеке карьерасына бет бұрып, бірнеше хит әндер шығарды. Оның танымал туындылары қатарында "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" бар. Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова "Ғашық жүрек" және "Ғашық жүрек-2" фильмдерінде де басты рөлдердің бірін сомдады. 2018 жылы өнер саласына қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың 10 жылдан кейін бұрынғы жұбайын кешіргені туралы ақпарат тараған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу