freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытауда XXXIV республикалық "Ұлытау үні" фестивалі басталды

Мәдениет
Ұлытауда XXXIV республикалық "Ұлытау үні" фестивалі басталды

Ұлытау төрінде халық шығармашылығының республикалық XXXIV дәстүрлі "Ұлытау үні" фестивалі өз шымылдығын ашты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен өнерпаздар, өнер саласының майталмандары, шығармашылық ұжымдар мен қонақтар жиналды.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту, дәстүр сабақтастығын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Үш күнге жоспарланған фестиваль аясында дәстүрлі ән, жыр, терме, айтыс, эстрада және аспаптық өнер бағыттары қамтылады. Сонымен қатар жас таланттар мен тәжірибелі өнерпаздардың басын қосатын түрлі байқау ұйымдастырылады.

Фестивальді тарихи іс-шараның бастау алған сәтінен қатысқан өнер майталмандары бастап, бүгінгі буын өнерпаздары жалғады. 

Фестиваль бағдарламасы алдағы үш күн бойы Ұлытау облысының өнер және мәдениет нысандарында жалғасады. Бүгін сағат 11:00-де дәстүрлі ән байқауы өтсе, Жезқазған қаласындағы "Шабыт" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы ұйымдастырылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу