Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны айтылды

Malim Админ

  • 25.03.2021

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны айтылды.

Наурыздың 24-і күні Ұлыбританияның құпия өлімді зерттейтін ресми өкілі Айсұлтан Назарбаевтың қазасына байланысты сараптама қорытындысын жариялады. Зерттеуде Айсұлтан Назарбаевтың өліміне есірткіге тәуелділік себеп болғаны айтылған.

«Айсұлтан табиғи себеппен қайтыс болды деп есептеймін. Ол есірткіге тәуелділіктің салдарынан көз жұмған», - деді аға зерттеуші (коронер) Фиона Уилкокс.

Айсұлтан Назарбаев өмірінің соңғы жылдары Қазақстан билігі мен Назарбаевтар әулетін сынап, жемқорлық үшін айыптаған. Facebook желісіне түрлі посттар жазып, БАҚ өкілдеріне «өзіне анасы Дариға Назарбаевадан қауіп төніп тұрғанын» айтқан. Бұл оның қазасына байланысты түрлі жорамалдардың туындауына себеп болған.

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 16 наурызында Лондон қаласындағы саябақтардың бірінен ес-түссіз күйінде табылған. Кейіннен оның қайтыс болғаны хабарланған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

23.04.2024

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

09.08.2023

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

20.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023

Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

22.12.2022
MalimBlocks
Ұлыбритания Украинаға 500 миллион фунт стерлинг пен ең ірі әскери көмек пакетін береді

BBC хабарлауынша, мұндай шешім қабылданғаны туралы Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак 24 сәуірге жоспарланған Польшаға сапары барысында мәлімдемек.

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Гүлнара Каримованың Лондондағы ең қымбат аудан болып саналатын Белгравиядағы екі пәтері және Суррей графтығындағы зәулім сарайы тәркіленді.

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.

Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

Өзбекстанның президенті Ш.Мирзиеев Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың қателігін қайталай ма?