Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

  • 13.04.2023

Өткен жылғы қаңтар оқиғасы талай шенеуніктің саяси қызметіне нүкте қойып, биліктен аластатып жібергені елдің есінде. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы ықпалды лауазымдарды атқарып, түкірігі жерге түспейтін шенділер де бар. Мысалы, мәжілістің экс-спикері  Нұрлан Нығматулин, үкімет басшысы болған Асқар Маминді жұрт қаңтар оқиғасынан кейін тек бір-екі рет көргені болмаса, ұмытып кеткендей.

Жылдан астам уақыт бойы «көлеңкеде» жүрген Асқар Маминді кеше көзі қарақты жұрт Өзбекстаннан жүргенін білді. Ташкенттегі мұз сарайының бірінде марапат тапсырған Маминді ол жаққа ненің құдіреті айдап барғаны да бірден белгілі болды. Хоккейден Қазақстан чемпионатының маусым жабар ойыны ала шапанды ағайындардың елінде өтіп, оған Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин арнайы барса керек. Онымен бірге Өзбекстанның өзге де шенеуніктері Ташкенттегі ел чемпионатының жабылуына арнайы қатысқан көрінеді.

Асқар Мамин басқарған Үкімет былтыр қаңтар оқиғасының бел ортасында тарап, орнына Әлихан Смайылов жайғасқан еді. Ал Мамин сол кеткеннен кейін ешқандай лауазымды қызметке тағайындалмады. Тек Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанадағы үлкен мешіттің ашылу салтанатында қара көрсетті.

Одан кейін елордадағы мейрамханалардың бірінде мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин, президент аппаратының басшысы болған Әділбек Жақсыбеков пен Асқар Мамин отырған сурет әлеуметтік желіні кезіп кеткен еді. Осыдан кейін ел арасында тараған қауесеттен шоршып түскен Мамин бірден ақталып, БАҚ беттерінде түсініктемесін жариялаған. «Туысымның баласының сырға салу рәсімінде отырған едік» деген Мамин сол кеткеннен мол кетті.

Хоккейден Қазақстан чемпионатының жабылу рәсімін неліктен Ташкентте өткізгені әзірге белгісіз. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі жарытып ақпарат таратпады. Ал жария болған сурет арқылы Асқар Мамин жұртқа мүбәрак жүзін бір көрсетіп, «қуғын-сүргіннен» аман екеніне көз жеткізгендей әсер қалдырды...

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Рейдерлік іс: Нығматулиннің ұлы туралы не белгілі?

16.04.2025

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Рейдерлік іс: Нығматулиннің ұлы туралы не белгілі?

Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты тергеу ісі туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) кейбір мәліметтерді жария етті

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды