freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдос Сметов Олимпиадаға не үшін баратынын айтты

Спорт
Елдос Сметов Олимпиадаға не үшін баратынын айтты
Фото: Qazsport

Дзюдодан Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін келесі Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын айтты, деп Malim.kz тілшісі, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибелі спортшы кәсіби мансабын аяқтау туралы ойынан бас тартып, үлкен спортта қалуға шешім қабылдаған. Оның сөзінше, басты мақсаты – халықаралық аренада Қазақстанның намысын соңына дейін лайықты қорғау.

"Төртінші Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін кәсіби спорттағы мансабымды жалғастыруды жөн көрдім. Қазақта “Алтын шыққан жеріңді белден қаз” деген сөз бар. Менің өмірімдегі және өз саламдағы сол “алтын тапқан жерім” – спорт, нақтырақ айтқанда, дзюдо", – деді Елдос Сметов.

Олимпиада чемпионы дзюдода әлі де бағындырар белесі бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортта нәтиже бір әдісті бірнеше рет сәтті орындауға байланысты болуы мүмкін.

"Алтын сол жерде жатыр, мен оны толықтай иеленуім керек. Маған тиесілі, маған қажетті алтынды алуым шарт. Өйткені мен оған қол жеткізу жолында алтыннан да құнды нәрсені – денсаулығымды құрбан етіп жатырмын", – деді спортшы.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында чемпион атанып, Қазақстан дзюдосы тарихындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізген болатын. Енді ол Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына қатысып, тағы бір жүлде үшін күресуге ниетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу