freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көшпенділер ойындарында медаль есебі алынып тасталды

Спорт
Көшпенділер ойындарында медаль есебі алынып тасталды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы медаль санына қатысты дауға ұласты. Қазақстан мен Қырғызстан тараптары жүлделерді әртүрлі есептегеннен кейін ұйымдастырушылар ресми медаль кестесін жарияламау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Qumash мәліметінше,Қазақстанда ұлттық құрама 74 медаль - 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққаны хабарланған.

Алайда Қырғызстандағы ұйымдастырушылар жариялаған кестеде көш басында 30 алтын медальмен Қырғызстан тұрған. Қазақстан 29 алтынмен екінші, ал Ресей жеті алтын медальмен үшінші орынға орналастырылған.

Бұл кесте әлеуметтік желіде бірнеше рет жарияланып, кейін өшірілген. Артынша медаль есебіне қатысты ақпарат жарыстың ресми сайтынан да жоғалған.

Ұйымдастырушылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытынды мәліметтері жарыс хатшылығынан толық ақпарат түскеннен кейін ғана жарияланатынын мәлімдеді.

"Ресми растау жасалғанға дейін жалпы кесте жарияланбайды. Жарыс нәтижелері мен спорт түрлері бойынша жүлделер тиісті бөлімдерде қолжетімді",— делінген хабарламада.

Кейін Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі жағдайға түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұжырымдамасына сәйкес елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейді.

Министрлік Көшпенділер ойындарының басты мақсаты мемлекеттерді рейтинг бойынша жарыстыру емес, этноспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыс пен достықты нығайту екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу