Ақтөбелік Бағдагүл емші Қытайдан Қазақстанға келген кәсіпкер Ерсайға қатысты өткір пікір білдірді. Ол кәсіпкерді елді алдап жүр деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бағдагүл емші әлеуметтік желідегі жазбасында Ерсайдың әрекеттеріне күмән келтіріп, оның Қазақстандағы саудасына қатысты бірқатар сын айтты.
"Ата заң қайда, мына әйелді жазалайтын? Саудагер Ерсай, олай халыққа жаның ашымасын. “Алтын ұтам” деп қанша қиналған адам ұрынды. Сайқымазақ әңгімеңді тоқтаттыңыз! Қытайға барып, дәл солай айтып көр! Сені елім жазасына кеседі ол жақта, заң күшті", – деді ол.
Сондай-ақ емші кәсіпкердің Қазақстанға келудегі мақсатын да сынға алып, оның елдегі қызметі заң аясында тексерілуі керек деген пікір білдірді.
"Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе? “Ата жұрт” деп сылтаулатып? Қытайдың тілін біліп, заңсыз әрекетке көшкен айлакер. Сендейлерді елден қуып шығып, сол елдің заңына тапсыру керек", – деді Бағдагүл емші.
Ол жазбасының соңында кәсіпкерді халықтың сенімін пайдаланып отыр деп айыптап, құзырлы органдар оның әрекетіне назар аударуы қажет екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұл - Бағдагүл емшінің жеке пікірі. Оның кәсіпкер Ерсайға қатысты айтқан айыптауларының ресми түрде расталғаны жөнінде ақпарат жоқ.