Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

  • 20.06.2023

Қайрат Сатыбалды немере ағасы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сыйлады,- деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей қамауға алынған Қайрат Сатыбалдыға Астана қаласы №2 Байқоңыр аудандық соты  «серіктерімен бірге 40 миллиард теңгені талан-таражға салды» деген айыппен 6 жылға бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу үкімін шығарған болатын. Яғни «тергеудегі адам арест қойылған мүлкін басқа тұлғаға бере алмайды». Бірақ биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы резиденция Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі «Елбасы» қорының меншігіне сыйға өткен. Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ,- дейді Азаттық радиосы зерттеуінде.  

Сот үкімінде Сатыбалдыұлының бойдақ екені, бірақ кәмелет жасына толмаған 7 баласы бары жазылған. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша, «сотталған адамның мүлкі оның отбасы тұратын жалғыз үй болса, тәркіленбейді» деген қосымша бар. Бірақ Сатыбалды отбасының басқа үйі болмағандықтан тәркілеу тізіміне кірмеді деген нұсқаға негіз жоқ. Астанада Қайраттың Исмаил атты ұлының атындағы зәулім үйді, Алматы қаласында үш баласының анасы Әсел Бақтиярқызының иелігіндегі 12,5 гектар жерде орналасқан салтанатты сарай, коттедждерді көрсеткен.

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

21.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды