Қазақстандық Fonte Capital басқаратын Fonte Inceptia Alpha Fund Ресейдің ірі құрылыс-девелоперлік компаниясы «Самолет» тобының шамамен 18% акциясын сатып алды.
Мәміле жуырда жасалған. Акцияларды «Самолеттің» негізін қалаушылардың бірі Михаил Кениннің мұрагерлерінің мүддесін білдіретін «Горизонт» қоры сатқан.
«Самолет» - Ресейдегі құрылыс көлемі бойынша ең ірі девелопер. Компанияның қазіргі құрылыс портфелі - шамамен 4,27 млн шаршы метр. 2025 жылы оның түсімі 8%-ға өсіп, 366,8 млрд рубльге жеткенімен, компания 2,3 млрд рубль таза шығынға батқан.
Мәміленің нақты сомасы жарияланбады. Алайда «Коммерсантъ» газеті компанияның нарықтық капитализациясына сүйеніп, 18% акцияның құнын шамамен 4,2 млрд рубльге (25 млрд теңгеден астам) бағалапты.
Қазақстандық қор ресейлік ең ірі девелопердің 18% акциясын сатып алды