freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қажылыққа апарамыз деп, 60 млн теңгесін иемденген

Қоғам
Қажылыққа апарамыз деп, 60 млн теңгесін иемденген
EADaily

Астанада Сауд Арабиясына қажылық сапарын ұйымдастырамыз деп, 37 азаматтан 60 млн теңгеге жуық ақша алған екі адам сотталды.

Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеуінше, олар алдын ала сөз байласып, Instagram желісінде Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын ұйымдастыру туралы жарнама жариялаған. Жарнамаға сенген азаматтар алаяқтарға ақша берген.

Алайда күдіктілер уәделерін орындамай, жиналған қаражатты өз қажетіне жұмсап жіберген.

Сот үкімімен екі сотталушының әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талаптары да қанағаттандырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу