freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ПСЖ - тағы да УЕФА суперкубогының иегері

Спорт
ПСЖ - тағы да УЕФА суперкубогының иегері
https://www.olympics.com

Париждің «Пари Сен-Жермені» 2026 жылғы УЕФА Суперкубогының финалында Англияның «Астон Вилласын» 2:1 есебімен жеңді. Матч 12 тамызда Зальцбургтегі «Ред Булл Аренада» өтті.

ПСЖ есепті 20-минутта ашты. Хвича Кварацхелия мергендігімен көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста «Астон Вилла» шабуылшысы Брайан Маджо есепті теңестірді. Екінші таймда 61-минутта Дезире Дуэ париждіктерді қайта алға шығарды. Қалған уақытта ағылшын клубы есепті өзгерте алмады.

Осы жеңістен кейін ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет иеленді. Париж клубы бұл жетістікке «Милан» мен «Реал Мадридтен» кейін жеткен үшінші команда атанды. Ал ПСЖ бас бапкері Луис Энрике клубпен бірге 2023 жылдан бері 13-ші жүлдесін жеңіп алды.
Сонымен есеп: «ПСЖ» – «Астон Вилла» 2:1.
20' - Хвича Кварацхелия
45' - Брайан Маджо
61' - Дезире Дуэ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу