freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қай елдерде Күн толық тұтылды?

Білім-ғылым
Қай елдерде Күн толық тұтылды?
https://yandex.ru

2026 жылғы 12 тамызда әлемнің бірқатар өңірінің тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – Күннің толық тұтылуын тамашалады. Ай Күн мен Жердің арасына өтіп, Күнді толық жапқан кезде аспан бірнеше минутқа қараңғыланды. Осы сәтте Күннің сыртқы атмосферасы – тәжі де көрінді.

Толық тұтылудың жолағы Гренландия, Исландия, Испания, Португалияның шағын бөлігі және Ресейдің солтүстігі арқылы өтті. Ал Еуропаның, Африканың және Солтүстік Американың бірқатар бөлігінде Күннің жартылай тұтылуы байқалды.

Испанияда бұл құбылысқа ерекше қызығушылық болды. Елдің материктік бөлігінде Күннің толық тұтылуы 1912 жылдан бері алғаш рет байқалды. Миллиондаған адам аспанға көз тігіп, сирек құбылысты тамашалау үшін арнайы бақылау орындарына жиналды.

NASA мәліметінше, толық тұтылу кезінде Айдың көлеңкесі өткен аймақтарда Күн бірнеше минутқа толықтай жабылды. Көпшілік үшін толық тұтылу екі минуттан аз уақытқа созылды, ал Гренландия, Ресей және Солтүстік Атлантикадағы көлеңкенің орталығына жақын жерлерде ол екі жарым минутқа жуық уақытқа созылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу