2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның теңіз көлігімен 2,42 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға көп.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, осы кезеңде теңіз көлігінің жүк айналымы 1,23 млрд тонна-километрге жетіп, бір жылда 18 пайызға өскен. Жалпы, қаңтар–шілдеде Қазақстанның барлық көлік түрімен 540,5 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 298,3 млрд тонна-километр болды.
Айта кетейік, 12 тамыз - Халықаралық Каспий күні. Қазақстан үшін Каспий теңізі жүк тасымалы мен халықаралық көлік дәліздерін дамытуда маңызды бағыттардың бірі саналады.
Биыл Каспий арқылы жүк тасымалы 7,2 пайызға артты