freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көп жылғы қарсыласы үнсіз қалмады": Роналду әкесінен айырылған Мессиге не деді?

Спорт
"Көп жылғы қарсыласы үнсіз қалмады": Роналду әкесінен айырылған Мессиге не деді?
Лионель Месси мен Криштиану Роналду. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Бұған дейін Лионель Месси әлеуметтік желідегі парақшасында 68 жасында ұзаққа созылған сырқаттан кейін өмірден өткен әкесі Хорхе Мессиге арнап әсерлі жазба жариялаған еді. Аргентиналық футболшы әкесімен өткізген балалық шағын еске алып, оның өзі үшін әке ғана емес, жақын досы әрі мансабында үнемі жанынан табылған адам болғанын жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мессидің жазбасының астына оның көп жылғы басты қарсыласы саналған Криштиану Роналду да пікір қалдырды.

"Осындай ауыр сәтте сені және жақындарыңды қатты құшақтаймын, Лионель... Берік бол", – деп жазды Роналду.

Мессиге кезінде "Барселонада" бірге ойнаған бразилиялық шабуылшы Неймар да көңіл айтты.

"Саған және отбасыңа көп күш тілеймін. Қатты құшақтаймын", – деді Неймар.

Хорхе Месси 8 тамызда 68 жасында ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды. Қаралы хабардан кейін Лионель Месси АҚШ-тағы кәсіби міндеттерін уақытша тоқтатып, Аргентинаға аттанған.

Әкесімен қоштасу рәсімі 9 тамызда өтті. Кейін Мессидің отбасымен бірге Аргентинада қалғаны хабарланды. 

Роналду мен Месси жиырма жылға жуық уақыт бойы әлем футболындағы басты бәсекелестер ретінде аталып келеді. Соған қарамастан, екі футболшы түрлі жағдайда бір-біріне құрметпен қарайтынын бірнеше рет көрсеткен. Ал Неймар Мессимен "Барселонада" бірге өнер көрсетіп, алаңнан тыс жерде де жақын қарым-қатынаста болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу