Тағы бір браконьерге үкім шықты

  • 05.03.2020
  • Malim Админ

Былтыр 23 шілдеде сағат 11.00-де Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" инспекторлары ақбөкенді ату фактісін анықтаған. Браконьерді ұстамақ болып, инспекторлар артынан қуғанда, қарсы оқ атқан. Екі инспектордың бірі сол жерде қайтыс болып, бірі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Қайтыс болған инспектор  Қаныш Нұртазинов болатын. Оның артында жесірі мен бес баласы қалған. Ал ауыр жарақат алған инспектордың аты-жөні Самат Оспанов еді.

Ақмола облыстық соты «Охотзоопром» қызметкерлеріне оқ атқан сол браконьерге үкім шығарды.

«Анатолий Бонякевичті 18 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Жәбірленуші Тұяқованың талап арызымен 10 миллион теңге шамасында моральдық өтемақы өтеу және жәбірленуші Оспановқа 1,5 миллион теңге моралдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды», - деді сот Торқалы Бектұрсынов.

Браконьер жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Бұл қанды оқиға кезінде Анатолий Бонякевичтің 13 жастағы ұлы қасында болған. Ол бұл істе куәгер ретінде қатысқан.

Нұртазинов пен Оспанов заңсыз аң аулап жүрген «Нива» автокөлігінің соңына түсіп, жолын кеспек болғанда браконьер қос ауыз аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Сол кезде инспектор Қаныш Нұртазинов оққа ұшып отыр. Нұртазиновпен бірге болған,  жүрек тұсынан жараланып, аман қалған Самат Оспанов қазір қызметіне қайта кіріскен.

Осыған дейін Ерлан Нұрғалиевті оққа байлаған браконьерлерге қатысты үкім шыққан болатын.

Фото: kokshetau.asia

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда бір айда 57,2 шаршы метр тұрғын үй үлестірілді

10.02.2020

Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

29.11.2020

Курьер-студент: Айына 450 мыңды қиналмай табамын

31.08.2020

Медсақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлген

24.09.2020

Қазақстанда бірде-бір мұнай-химия зауыты жоқ!

25.11.2020

Ақтөбедегі митинг: Бір адамға бес полиция

07.06.2020