"Марғұлан мені қорқытқан"

Malim Админ

  • 10.11.2020

Қоғам қайраткері Мұхтар ТАЙЖАН мен кәсіпкер Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ арасындағы сот процесі аяқталып келеді. Алда жарыссөз бен сот шешімі қалды.

Мұхтар БОЛАТХАНҰЛЫ «шешесі мен әпкесімен соттасты», «Шеңгелді фермерлеріне ақша бермей кетті», «Мұхтар Тайжанның балаларын мен оқыттым» деген сөздері үшін бұрынғы серіктесі Сейсембайды сотқа берген болатын.

«Соңғы отырыста Марғұланның адвокаты Қанат Асылов біздің 2017 жылдан бері қарайғы WhatsApp арқылы жүрген хат алмасуларымыздың нотариус куәландырған көшірмелерін ұсынды. Жазба көшірмелері екі томды құрайды.

Бұған басында менің құрметті адвокаттарым Назкен Құсайынова мен Әнуар Байдар қарсылық білдіріп, бұларды қажетті дәлел деп танымау туралы өтініш жасады. Өйткені, нотариалды куәландыру іс сотта қабылданған соң жүргізілген, заң бойынша олай істеуге болмайды. Бірақ, мен соттың біздің бірнеше жыл бойғы хат алмасуымызбен танысуына қарсылық танытпадым.

Қайта, Марғұланның біздің осы хат алмасуларымызды сақтап, сотқа алып келгені жақсы болды. Онда менің Марғұлан постында айтқандай, одан отбасымды асырауға, баламды оқытуға, т.б ақша сұрап жазған бір сөзім жоқ. Бірақ, онда біздің бірнеше ай бойы Салық кодексінің 448-бабын талқылаған, басқа да алдында айтқанымдай, біздің бірлесіп жүргізген жұмыстарымыз жайлы әңгімелеріміз бар. Сондықтан, Марғұланға әріптестерімен хат алмасуларды ұзақ жыл бойы сақтағаны үшін рахмет. Маған ол көп көмектесті.

Ол көшірмеде 2019 жылғы 30 желтоқсанда оның менен Салық кодексіндегі ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің салық режимі туралы өзгерістер өзінің қатысуымен жүзеге асқаны туралы барлық жерде айтып жүруімді талап еткені туралы да жазба бар. Олай істемесем, ол менің ақша алғанымды дәлелдеп (куәлар мен жазбалар ода бар) үстімнен қылмыстық іс қозғатады. Оған мен мұндай қорқытулар маған әсер етпейтінін айтқаным да бар. Тек содан кейін ғана осының бәрі 2020 жылғы сәуірде ашық дауға ұласып, барлық жұртшылықтың алдында жария болды.

Бір қызығы, сол кезде Марғұлан менен бұл туралы (Салық кодексіндегі өзгерістер) барлық жерде айтып жүруді талап етсе, енді керісінше біздің бірге жұмыс істегенімізді жоққа шығарып, ол ақшаларды маған тек «кедей жер белсендісіне» көрсетілген көмек ретінде көрсеткісі келеді.

Бұдан басқа, Марғұлан сотта, шамасы жауапкершіліктен солай құтылғысы келген шығар, оның мен туралы жазған постының орысша мәтіні өзінің сөзі емес екенін, оны қазақ тіліннен орысшаға украиндық бір SMM компания аударғанын мәлімдеді.

Тарас Шевченконы еске түсіріп, Марғұланның қазақша постарын орыс тіліне аударып бере алатын қазақ тілін білетін украиндар барын жоққа шығармаймын. Бірақ, қазақ тіліндегі де, орыс тіліндегі де мәтіндер БІР УАҚЫТТА, БІР ПОСТ болып жарияланды. Олар ешқандай да екі бөлек пост емес, сондықтан, бұл жерде бірінші қазақ тілінде жазылып, кейін орысшаға аударылғаны туралы қалай ақталуға болады? Барлық мәтін үшін жауапкершілік біздің өзімізде, яғни, пост авторы мен аккаунт иесіне жүктеледі, оның үстіне осыншама аудиторияны ескеру керек.

Осыған байланысты судья Марғұланға «Мейлі, орысша мәтінді сіз жазбады, ол сізздің қазақ тілінде жазған мәтініңіздің аудармасы дейік. Бірақ, сізге аударып берген мәтінді өзіңіз оқисыз ғой, оқымай жариялай салмайсыз ғой? Егер ол жерде қателер болса, неге өзгертпедіңіз, ол сіздің өз парақшаңыз ғой?» деген сұрақ қойды. Бірақ, бұған Марғұланнан тұщымды жауап ести алмадық.

Сот отырысынан негізі бейнежазба жасалып жатыр. Бірақ шешім шыққанға дейін оны жариялауға болмайды. Марғұланның барлық жауаптары да, менің жауаптарым да – тіркеліп отыр. Процесс логикаға сай өтуде, Марғұланның мен туралы барлық мәлімдемелері шындыққа сай келетініне тексерілуде. Яғни, оның «өз шешесін соттатты», «Шеңгелдінің кедей фермерлерін алдады», «оның балаларын мен оқыттым», «отбасын мен асырадым», т.б айтқандарының барлығы тексеріледі. Тараптарға өз дәлелдері мен уәждерін ұсынуға толық мүмкіндік берілді. Марғұланның қарсы болғанына қарамастан, сот ашық өтуде, оған Информбюро журналисі қатысып, өзі процестің аудиожазбасын жасауда. Бүгін сағат 16.00-де сот істі одан әрі қарауды жалғастырады. Әділдік жеңсін!» - деп жазды Мұхтар Тайжан facebook әлеуметтік желісінде.