«Шымбұлақ» жаңа маусымда қандай жаңалық ұсынады?

Malim Админ

  • 28.11.2020

Шымбұлақ тау шаңғысы курорты тағы бір маусымын бастады. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты маусымды ертерек жабуға мәжбүр болған курорттың биылғы жоспары қандай? Карантиндік шектеулер курорт жұмысына, билет бағасына, өзге де жоспарларға қалай әсер етті? Бұл туралы «Шымбұлақтың» бас директоры Ринат Әбдрахманов SCIJ (шаңғышы журналистер клубы) мүшелерімен кездесуде айтып берді.

Бас директор биыл курорт барлық жұмысын карантиндік сақтық шараларын ескере отырып жүргізетінін айтады. Әрине, ең алдымен келушілердің барлығының медициналық маска тағуы қадағаланады. Одан басқа курорт аумағына кірер жерде де, өзге де ресторан, дәмханалардың кіре берісінде дене қызуын өлшеу жүргізіліп жатыр. Залалсыздандырғыш құрылғылар көптеп орнатылған. Аспалы жолмен жүрерде әр кабинаға төрт адамнан артық отыруға болмайды. Бірақ, осыған қарамастан кезек күткен адам қарасы аз, өйткені, келушілер саны шектеулі. Қазір бұрынғыдай қалаған уақытқа емес, түске дейін немесе түстен кейінгі уақытқа билет алуға тура келеді. Нәтижесінде, «Шымбұлақ» күніне 2700 адамға дейін қабылдай алады. Бұл курорттың жалпы мүмкіндігінің 30 пайызы ғана.

«Біз биылғы маусымды 6 қараша күні ашуға дайын болғанбыз, бірақ, жұмыс алгоримін нақтылап алу керек болды да, 10 күн кешігіп қалдық. Былтыр ғана «Шымбұлақ» 60% онлайн-сатылымға көшсе деп армандағанбыз. Қазір қосымша шектеулерді ескере отырып есептегенде, 70% билеттеріміз онлайн сатылып жатыр. Бұл біздің пандемиядан тапқан бір пайдамыз деуге болады. Коронавирустың таралу көздерінің бірі қолма қол ақша ғой, сондықтан, бұл онлайн бағытты ары қарай да дамыта түсу маңызды», - дейді Әбдірахманов.

Былтырғы кездесуде де осы онлайн-сатылым мәселесі сөз болған. Смартфон қосымшаларын енгізіп, сол арқылы жұмысты ыңғайлы етуді қолға алғандарын айтқан. Бірақ, биылғы жағдай онлайн-сатылымда төтенше талап еткендіктен, бидетті тек shymbulak.com сайты арқылы ғана емес, Halyk Bank, Kaspi Bank, ЦентрКредитБанкі арқылы, сондай-ақ «Тикетон», Chocolife және Rahmet онлайн қызмет көрсетуші платформаларына енгізген. Бұл жерде тек билет сатып алу ғана емес, былтырдан бастап қолға алынған тағы бір бастама – тау шаңғысы мектебіне де өтініштерді осы платформалар арқылы беруге болады.

«Шымбұлақтың» тағы бір жаңалығы былтыр ғана сөз болған кешен ішіндегі қонақ үйлер мен шағын хостелдердің аздығы. Биыл 3200 метр биіктікте қонақтарға арналған түрлі орындар салынып жатыр. Желтоқсаннан бастап Versheena дәмханасы жұмысын бастайды. Талғар асуында орналасқан бұл дәмхана таудың ғажайып көрінісін тамашалауға болатын ең бір көрнекті орынның бірі. Жалпы, Талғар асуы «Шымбұлақтың» негізгі орнына айналып келеді, сол себепті, бұл жерде биыл экспресс-кафе мен визит-орталық жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, бергі «Медеудегі» аспалы жол стансасында да келушілердің демалуына мүмкіндіктер жасалмақ. Яғни, «Медеудің» де көрсететін қызмет түрлері кеңи түседі. Биылғы жоспар – ақпарат-орталық пен мейрамхана ашылмақ. Бұл жерде де табиғатты тамашалауға мүмкіндік қарастырылған. Бұған қосымша, үлкен көлік жуу стансасы жұмысын бастайды. WashMe көлік жуу орталығының артықшылығы сол – қонақтар көліктерін сеніп тапсырып кете алады және кезек күтіп отырмайды. Бағасы 2000 теңге. «Бұл, әсіресе, іскер адамдар үшін таптырмайтын мүмкіндік», дейді курорт басшылығы, өзің де демаласың, «үйіңе қайтарда көлігің де жалтырап, тұрақта күтіп тұрады».

Мұның барлығы жыл сайын өз ретімен жүріп отыратын процесс деуге болады. «Шымбұлақтың» биылға арналған екі үлкен жаңалығы бар. Соның біріншісі – Gorilla ZipLine аттракционы. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен төмен құлдилайтын аспалы арқан Медеуге дейін 555 метрге тартылған. Әлемде 500-ге жуық аттракционы бар ZipLine желісінің аттракциондарының қауіпсіздігіне сенуге болады дейді.

Тағы бір жаңалық – жаңа шаңғы жолының ашылуы. 1 ақпаннан бастап пайдалануға берілмек могул  трассасы негізінен спортшыларға арналған. Фристайл, мини-трамплиндер орналасқан бұл шаңғы жолы балалар мен әуесқой спортшыларға да қолжетімді. Бұл жерде түрлі жарыстар өткізіліп, ел спортшыларының дайындығын пысықтауға мүмкіндік бермек. Бұл жол үшін арнайы аспалы жол да салыныпты.

«Шымбұлақ» соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламаларға да көңіл бөліп жүр. Соның бірі – оқушыларды тегін үйрету мектептері. Биыл да бұл бастаманы жалғастырмақ. Балалардың шаңғыға қызығуы – олардың ата-аналарын да шаңғы тебуге жетелейді дейді.

«Биыл 800 оқушыны оқытамыз. Бұл бағдарлама тоқтаусыз жалғасып, жылдан жылға оқулыар саны да арта түседі деп үміттенем. Бұл бағдарламаның мүмкіндігі өте мол екенін көріп отырмыз. Балалар компьтерде ойын ойнап отырғаннан гөрі, уақытын курортқа келіп өткізеді», - дейді бас директор.

Жалпы, биыл билет бағасы былтырғыдан гөрі қымбаттағанын айта кету керек. Бірақ, онлайн сатып алу арқылы, былтырғы бағамен алуға мүмкіндік беріліпті. Рас, былтырғы онлайн-сатылымның да жеңілдіктері болған, дегенмен, биылғы барлық саладағы қымбатшылықты ескерсек, тау шаңғысы курортындағы баға көп өзгере қоймаған деуге болады. Бәлкім, алдағы уақытта келушілер саны артса, коронавирус пандемиясын жеңген соң, баға да арзандап қалар. Ал әзірге кешен басшылығы келушілерден қауіпсіздік талаптарына атүсті қарамауды сұрайды.

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.