Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің дүниеге келгеніне 94 жыл толды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген.

1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен. 1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін сомдап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмге түссе, соның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапарқұдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қарамаржан» фильмдерін түсірген. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

«Байдың тұқымынан емес»: Мақпал Жүнісова неліктен өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірді

17.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

«Байдың тұқымынан емес»: Мақпал Жүнісова неліктен өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірді

Әншіні оқырманы ақшаға қызығып тұрмысқа шықты деп айыптаған.

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.